Ескерту. Атауға өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 21.10.2014 № 243 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарғалы аудандық мәслихатының "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының жиырма бес пайызға жоғары жалақыларымен тарифтік ставкілерін белгілеу туралы" 2008 жылғы 22 қазандағы № 90 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-6-73 тіркелген, 2008 жылдың 18 қарашасында аудандық "Қарғалы" газетінің № 54 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
шешімнің кіріспе бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251-III Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі" Заңының 238 бабының 2 тармағына" деген сөздері алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Аудандық мәслихат | Аудандық мәслихат |
сессиясының төрайымы | хатшысы |
Г.Нуредилова | Х. Жылқыбеков |