Қарғалы аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 22 қазандағы № 90 "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақыларымен және тарифтік ставкілерін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 212 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 04 мамырда № 3882 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 87 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 22.12.2016 № 87 шешімімен (алғышқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Атауға өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 21.10.2014 № 243 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 4 тармағына сәйкес, Қарғалы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қарғалы аудандық мәслихатының "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының жиырма бес пайызға жоғары жалақыларымен және тарифтік ставкілерін белгілеу туралы" 2008 жылғы 22 қазандағы № 90 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-6-73 санымен тіркелген, 2008 жылдың 18 қарашасында аудандық "Қарғалы" газетінің № 54 санында жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "1.-Азаматтық қызметші болып табылатын және Қарғалы ауданының ауылдық елдi мекендерінде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, сондай-ақ аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылары мен тарифтiк ставкалары белгiленсін".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихатының
сессиясының төрағасы, мәслихат
      хатшысы Х. Жылқыбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады