Ескерту. Атауға өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 21.10.2014 № 243 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарғалы аудандық мәслихатының "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының тарифтік ставкілерін белгілеу туралы" 2008 жылғы 22 қазандағы № 90 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне № 3-6-73 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 18 қарашадағы аудандық "Қарғалы" газетінің № 54 санында жарияланған) шешіміне мынандай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1 тармақтағы "мәдениет және спорт" сөздері "мәдениет, спорт және ветеринария" сөздерімениалмастырылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | Аудандық мәслихат |
сессиясының төрайымы | хатшысы |
Н. Альбекова | Х. Жылқыбеков |