Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәртөк аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 10 маусымдағы № 180 "Мәртөк ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 4429, 2015 жылғы 23 шілдеде "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімінің кіріспе бөлігінде (кіріспеде), сондай-ақ Мәртөк ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидаларының мәтінде "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулысына" деген сөздер алып тасталсын;
Мәртөк ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидаларында:
1 тармақта:
4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;
5 тармақ алып тасталсын;
6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Отбасының (азаматтың) қоса берiлетiн құжаттарымен бiрге өтiнiшi негiзiнде тұрғын үй көмегі тағайындалады.";
8 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"8. Тұрғын үй көмегiн тағайындау жолыққан айынан бастап ағымдағы тоқсанның аяғына дейiнгi мерзiмде жүргiзiледi. Жолығу айы деп өтiнiш тапсырған ай есептеледi.";
4 тарау және 16 тармақ алып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәртөк аудандық мәслихаттың сессия төрайымы | Н. Оспанова |
Мәртөк аудандық мәслихат хатшысы | А. Исмагулов |