1. 2016 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Шақыруды өткізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.
3. Ұсынылсын:
1) "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мәртөк аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны (келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шараларды жүргізсін;
2) "Ақтөбе облысының Ішкі істер департаменті Мәртөк ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын;
3) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің "Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген құзыреті шегінде шақыруға байланысты іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етсін.
4. Ауылдық округ әкімдері, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдардың және оқу орындарының басшылары әскерге шақырылушыларға оларды шақыру учаскесіне шақырылғаны туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша адамдардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Күзембаеваға және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің "Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы А. Утарбаевқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Қалауов |