Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 07.07.2020 № 397 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Мәртөк ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәртөк аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
А. Аткиев |
Мәртөк аудандық мәслихатының хатшысы |
Ә. Әлмұхамбетов |
2016 жылғы 15 шілдедегі № 31 Мәртөк аудандық мәслихатының шешіміне қосымша |
Мәртөк ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі
1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстарциялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуі өтініште көрсетілген мақсатқа сәйкес, белгіленген мерзімде және келісілген жерде өткізіледі.
2. Митингілер және жиналыстар өткізілетін орындар:
Мәртөк ауылы: Есет Көкіұлы көшесіндегі "Жастық" мәдени және демалыс саябағы аумағы;
Жайсан ауылы: Болашақ көшесіндегі саябақ аумағы;
Родниковка ауылы: Гагарин көшесіндегі Мәдениет үйінің алдындағы алаң;
Сарыжар ауылы: Сарыжар көшесіндегі стадион алаңы.
3. Шерулер мен демонстрациялар мына маршрут бойынша өтеді:
Мәртөк ауылы: Абай көшесінен бастап Озмитель көшесінің бойымен Есет Көкіұлы көшесіне дейін, содан солға бұрылып және әрі қарай Есет Көкіұлы көшесінің бойымен "Жастық" мәдени және демалыс саябағына дейін.
4. Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді, демонстрацияларды өткізу кезінде уәкілдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртіпті сақтайды.
5. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:
1) көліктің және жаяу жүргіншілердің қозғалысына бөгет жасауына;
2) елді-мекеннің инфрақұрылым объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуіне кедергі келтіруіне;
3) ауданның жергілікті атқарушы органының келісімінсіз киіз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;
4) шараны өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуші мемлекеттік органдар өкілдерінің қызметіне кез келген нысанда араласуына;
5) жасыл желектерге , шағын сәулет нысандарына залал келтіруіне;
6) өзімен бірге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншігіне материалдық залал келтіруіне үшін пайдаланылуы мүмкін арнайы жасалған немесе бейімделген заттарды алып жүруіне;
7) егер жиналысты, митингіні, шеруді, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткізудің мақсаты, нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік араздықты, діни төзімсіздікті, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясының, заңдар мен өзге де нормативтік актілердің басқа қағидаларын бұзу болса, немесе оларды өткізу, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін болса;
8) алкогольдік немесе есірткімен масаю жағдайында қатысуға жол берілмейді.
6. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізілетін жерлердеалкогольдікішімдіктер ішуге, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың үйлестіктерін, прекурсорларды пайдалануға, қоғамдық тәртіпті бұзуға, қоғамға қарсы мінез-құлыққа және басқа құқық бұзушылыққа шақыратын транспаранттар, ұрандар басқа да материалдар пайдалануға (визуалды, аудио-видео), сондай-ақ көпшілік алдындағы сөздерге жол берілмейді.
7. Пикеттер өтініште көрсетілген мақсаттарға сәйкес өткізіледі.
8. Пикет өткізу кезінде:
1) пикет өткізу объектісінің жанында тұруға, отыруға;
2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;
3) қысқа ұрандар айтуға, пикеттің тақырыбы бойынша сөздер айтуға жол беріледі.
9. Пикетті өзге түрде жалғастыру үшін (митинг, жиналыс, шеру) ауданның жергілікті атқарушы органының белгіленген тәртіптегі рұқсатын алу қажет.
10. Егер: өтiнiш берiлмеген болса, тыйым салу туралы шешiм шығарылса, өткiзу кезiнде көзделген тәртiп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн, қоғамдық тәртiп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ауданның жергілікті атқарушы органы өкiлiнiң талап етуi бойынша тоқтатылуы тиiс.
11. Ауданның жергілікті атқарушы органы өкілінің талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша ішкі істер органдары тарапынан жиналысты, митингіні, шеруді, пикетті және демонстрацияны тоқтату бойынша қажетті шаралар қабылданады.