Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байнассай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 3 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 01 маусымда № 4942 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байнассай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байнассай ауылдық округі әкімінің 29.11.2016 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) 1098, 1099 тармақтарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық – санитарлық инспекторының 2016 жылғы 29 наурыздағы № 11-3/87 ұсынысы негізінде Байнассай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәртөк ауданы Байнассай ауылдық округі 13 жылдық Қазақстан ауылы тұрғындарының ірі қара малдары табынының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Байнассай ауылдық округінің әкімі С. Кошмагамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады