"Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту және ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 19 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 01 наурыздағы № 4760 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 236 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінің 30.06.2016 № 236 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атауы "Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.
      2. Қоса беріліп отырған "Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Сағыровқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С.Шаңғұтов

  Мұғалжар ауданы әкімдігінің
  2016 жылғы "21" қаңтардағы
  № 19 қаулысымен
  бекітілген

"Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

      1. Жалпы ережелер
      1. "Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудан аумағындағы ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіп кешені саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық департаменті" мемлекеттік мекемесінде шоттары болады.
      4. "Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен, "Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 030700, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, "Жастық" мөлтек ауданы 2 үй.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы- "Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Құрылтайшысы және мемлекеттік басқарушы органы болып "Мұғалжар ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі болып табылады.
      11. Осы Ереже "Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субьектілерімен "Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттің бюджетінің кірісіне жіберіледі.
      2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары мен міндеттері
      14. "Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      агроөнеркәсіп кешенді дамыту жөніндегі мемлекеттің аграрлық саясатын іске асыру негізінде ауданның агроөнеркәсіп кешені салаларының бәсекелестікке қабілетінің жаңа сапалы деңгейге жетуін және экономикалық өсуін қамтамасыз ету.
      15. Міндеттері:
      1) өсімдік шаруашылығы өнімдерін және оларды қайта өңдеу өнімдерін тұрақты арттыру есебінен ауданның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      2) мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру;
      3) бәсекеге қабілетті өнім өңдіру және экспорттық әлеуетін арттыру;
      4) агроөнеркәсіп кешенді тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету.
      16. Функциялары:
      1) агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      2) агроөнеркәсіп кешенінің жағдайы және дамуы туралы ақпараттарды агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыну;
      3) мемлекеттік агроазық-түлік саясатының негізгі бағыттары мен механизмдерін агроөнеркәсіп кешенінің субъектілеріне түсіндіру жұмыстарын үйлестіру;
      4) ауданның аграрлық секторында тиісті өндірістік инфрақұрылымды қалыптастыруға ықпал ету;
      5) "Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі әкімшісі болып есептелетін бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру және есебін жүргізу;
      6) отандық ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу үлесін ұлғайтуына мониторингі жүргізу;
      7) асыл тұқымды мал өнімдерін өндіру, өткізу бойынша мамандандырылған құрылымдар құру жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
      8) жыл сайынғы техникалық байқауын жүргізу, ауыл шаруашылық техникаларын басқаруға тиісті құжаттар, мемлекеттік нөмерлермен техникалық паспорттар беру, ауыл шаруашылық техникаларды тіркеу және қайта тіркеу.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) оперативті басқару мақсатында өзіндегі мүліктерді қажетіне пайдалануға;
      2) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға қатысуға;
      3) өз құзыретіне жататын мәселелерді шешуде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын сақтауға;
      4) өз құзырет шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге.
      3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
      18. "Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты, "Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. "Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысын Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысының орынбасары болады.
      21. "Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысының өкілеттігі:
      "Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
      заңнамаға сәйкес "Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымдық жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
      "Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;
      4) "Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына жеке жауапты болады.
      22. "Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
      4. Мемлекеттік органның мүлкі
      23. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      23.1. "Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған есебінен қалыптастырылады.
      24. "Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға билік етуге құқығы жоқ.
      26. "Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган "Мұғалжар аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып табылады.
      5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
      27. "Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады