2016 жылдың сәуір-маусымында қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Ойыл ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 87 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 мамырда № 4935 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 229 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2016 жылғы сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2016 жылғы сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылдың 6 сәуірдегі № 229 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес Ойыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында әскерге шақыртуды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шақырылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Шақыруды өткізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жеткілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.
      3. Ұсынылсын:
      1) "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ойыл орталық аудандық аруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны" (келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шаралар жүргізсін;
      2) "Ақтөбе облысының ішкі істер департаменті Ойыл ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын;
      3) Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігінің "Ақтөбе облысы Ойыл ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген құзыреті шегінде шақыруға байланысты іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етсін.
      4. Ауылдық округтерінің әкімдері, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшылары шақырылушыларға шақыру учаскесіне шақырылғаны туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қазыбаевқа және "Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің "Ақтөбе облысы Ойыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығына жүктелсін.
      6. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
міндетін атқарушы
Ш. Тлеумағанбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады