Ойыл ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 7 маусымдағы № 24 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 08 шілдеде № 4989 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 1 шілдедегі № 418 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 01.07.2020 № 418 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 15) тармақшасына сәйкес Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ойыл ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.
      2. Ойыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 2 наурыздағы № 218 "Ойыл ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4260 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 сәуірдегі "Ойыл" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы: А. Мамбетова
      Аудандық мәслихат хатшысы: Б. Бисекенов

  Ойыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 7 маусымдағы № 24 шешіміне қосымша

Ойыл ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі

      1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуі өтініште көрсетілген мақсатқа сәйкес, белгіленген мерзімде және келісілген жерде өткізіледі.
      2. Митингілер және жиналыстар өткізілетін орын:
      Ойыл ауылы: Б.Жолмырзаев көшесінде орналасқан "Даңқ" саябағы.
      3. Шерулер мен демонстрациялар мына маршрут бойынша өтеді:
      Ойыл ауылы: Желтоқсан көшесінен И.Құрманов көшесі бойымен Б.Жолмырзаев көшесінде орналасқан "Даңқ" саябағына дейін.
      4. Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді, демонстрацияларды өткізу кезінде уәкілдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртіпті сақтайды.
      5. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:
      1) көліктің және жаяу жүргіншілердің қозғалысына бөгет жасауына;
      2) елді-мекеннің инфрақұрылым объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуіне кедергі келтіруіне;
      3) ауданның жергілікті атқарушы органының келісімінсіз киіз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;
      4) шараны өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуші мемлекеттік органдар өкілдерінің қызметіне кез келген нысанда араласуына;
      5) жасыл желектерге , шағын сәулет нысандарына залал келтіруіне;
      6) өзімен бірге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншігіне материалдық залал келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін арнайы жасалған немесе бейімделген заттарды алып жүруіне;
      7) егер жиналысты, митингіні, шеруді, пикетті немесе демонстрацияны өткізудің мақсаты нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік араздықты, діни төзімсіздікті, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясының, заңдар мен өзге де нормативтік актілердің басқа ережелерін бұзу болса, немесе оларды өткізу, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін болса;
      8) алкогольдік немесе наркологиялық масаю жағдайында қатысуға жол берілмейді.
      6. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізілетін жерлерде алкогольдік ішімдіктер ішуге, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың үйлестіктерін, прекурсорларды пайдалануға, қоғамдық тәртіпті бұзуға, қоғамға қарсы мінез-құлыққа және басқа құқық бұзушылыққа шақыратын транспаранттар, ұрандар басқа да материалдар пайдалануға (визуалды, аудио/видео), сондай-ақ көпшілік алдындағы сөздерге жол берілмейді.
      7. Пикеттер өтініште көрсетілген мақсаттарға сәйкес өткізіледі.
      8. Пикет өткізу кезінде:
      1) пикет өткізу объектісінің жанында тұруға, отыруға;
      2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;
      3) қысқа ұрандар айтуға, пикеттің тақырыбы бойынша сөздер айтуға жол беріледі.
      9. Пикетті өзге түрде жалғастыру үшін (митинг/жиналыс/шеру) ауданның жергілікті атқарушы органының белгіленген тәртіптегі рұқсатын алу қажет.
      10. Егер: өтiнiш берiлмеген болса, тыйым салу туралы шешiм шығарылса, өткiзу кезiнде көзделген тәртiп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн, қоғамдық тәртiп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ауданның жергілікті атқарушы органы өкiлiнiң талап етуi бойынша тоқтатылуы тиiс.
      11. Ауданның жергілікті атқарушы органы өкілінің талабын орындаудан бас тартылған жағдайда, оның нұсқауы бойынша ішкі істер органдары тарапынан жиналысты, митингіні, шеруді, пикетті және демонстрацияны тоқтату бойынша қажетті шаралар қабылданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады