"Талдықорған қаласының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 05 қаңтардағы № 1-4 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2016 жылы 26 қаңтарда № 3684 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 29-420 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 27.06.2016 № 29-420 қаулысымен.
      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Талдықорған қаласының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. "Талдықорған қаласының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Жамаубаев Нұрлан Қайдарұлы) заңнамамен белгіленген тәртіпте Ережені әділет органдарында тіркеуді жүзеге асырсын.
      3. "Талдықорған қаласының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Жамаубаев Нұрлан Қайдарұлы осы қаулының ресми жариялануын әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында, сондай-ақ, қала әкімдігінің нормативтік құқықтық қаулыларын және қала әкімінің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспа басылымы "Талдықорған" газетінде жүзеге асырсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Әділ Алмас Қабдулұлына жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Б. Қарасаев

  Талдықорған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қаңтардағы № 1-4 қаулысымен бекітілген қосымша

"Талдықорған қаласының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Талдықорған қаласының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі -Бөлім) ауыл шаруашылық саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      6. Бөлімге егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Бөлім өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешiмдер қабылдайды.
      8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Абай көшесі, № 241.
      10. Мемлекеттiк органның толық атауы - "Талдықорған қаласының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Бөлімнің қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. Бөлімге кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Бөлімнің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Бөлімге заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      14. Бөлімнің миссиясы: ауыл шаруашылық саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру.
      15. Мiндеттерi:
      1) Талдықорған қаласының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
      2) агроөнеркәсiптiк кешенді тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамытуды қамтамасыз ету;
      3) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімін және оның қайта өңдеу өнімдерін өндірудің экономикалық жағдайларын жасау.
      16. Функциялары:
      1) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы саладағы басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
      2) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;
      3) агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргізу және оны облыстың жергілікті атқарушы органына (әкімдігіне) беру;
      4) Талдықорған қаласында азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстың жергілікті атқарушы органына (әкімдігіне) есептілік ұсыну;
      5) агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын әзірлеу;
      6) агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласындағы іс-шараларды қаржыландырудың қажетті көлемдерін көздей отырып, тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік тапсырыс беру;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен мiндеттерi:
      1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
      2) жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
      3) Бөлімнің құзыретіне жататын қала әкімінің, әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;
      4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметiн ұйымдастыру

      18. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. Бөлімнің бiрiншi басшысын Талдықорған қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Бөлімнің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
      21. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;
      2) Бөлімнің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
      3) Бөлімнің қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
      4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
      5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Бөлімнің мүддесін білдіреді;
      6) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкi

      22. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. Бөлімде бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады