Балтабай ауылдық округінің Еңбек ауылындағы көшені қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай селолық округі әкімінің 2016 жылғы 23 тамыздағы № 53 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 22 қыркүйекте № 3964 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Балтабай ауылдық округінің Еңбек ауылы халқының пікірін ескере отырып, 2016 жылғы 7 маусымдағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Балтабай ауылдық округінің Еңбек ауылындағы "Восточная" көшесі "Сейдуақас Қайрамбайұлы" көшесі деп қайта аталсын.
      2. Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Камалова Рахатбуви Рахимжановнаға осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Балтабай селолық округі
      әкімінің міндетін атқарушы С. Алипова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады