Байсерке ауылдық округіндегі Қоянқұс ауылындағы жаңа көшелерге атаулар беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Іле ауданы Байсерке ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 1 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 17 тамызда № 3932 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы 1993 жылы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Байсерке ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Алматы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде Іле ауданы Байсерке ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Байсерке ауылдық округінің Қоянқұс ауылының шығысында орналасқан бірінші көшеге "Нүркен Әбдіров", екінші жаңа көшеге "Рақымжан Қошқарбаев", үшінші жаңа көшеге "Ануарбек Абимулдаев", төртінші жаңа көшеге "Данаш Жарқынбеков", бесінші жаңа көшеге "Астана", алтыншы жаңа көшеге "Алтай" атаулары берілсін.
      2. "Байсерке ауылдық округі әкуімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкімінің орынбасары Қажиев Асхат Бариевичке осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Байсерке ауылдық
      округінің әкімі С. Ерекешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады