1. Кербұлақ ауданының Сарыбастау ауылдық округінің 2016 жылғы 20 мамырдағы "Сарыбастау ауылдық округінің Сарыбастау ауылы аумағында карантин белгілеу туралы" № 02 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылдың 10 маусымында № 3882 тіркелген, "Кербұлақ жұлдызы" газетінде 2016 жылдың 17 маусымында №25 (3826) жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
"Сарыбастау ауылдық округінің Сарыбастау ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы";
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
"1. Кербұлақ ауданының Сарыбастау ауылдық округінің Сарыбастау ауылы аумағында ұсақ мүйізді малдардың арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.".
2. Кербұлақ ауданы Сарыбастау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Самбетов Шынтас Бейбитовичке осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Кербұлақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарыбастау ауылдық | |
округінің әкімі | К. Султанбеков |