Сарқан ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 сәуірдегі N 2-7 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2016 жылы 17 мамырда N 3833 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 18 қыркүйектегі № 87-338 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының 18.09.2020 № 87-338 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Сарқан ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.
      2. Сарқан аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Разбеков Бесенбай Мерекебаевичке осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәлихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Депутаттар өкілеттігі, заңдылық, заң тәртібін сақтау, әлеуметтік саясат, жастар және қоғамдық ұйымдармен байланыс жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы Е. Алинов
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы Қ. Абдрахманов

  Сарқан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 2-7 шешіміне қосымша

Сарқан ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібі (бұдан әрі - тәртіп) "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына (бұданәрі - Заң) сәйкес әзірленді және Сарқан ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттейді.
      2. Заңдарда жиналыстар, митингiлер, шерулер және демонстрациялар деп аталатын қоғамдық, топтық және жеке мүдделер мен қарсылық бiлдiрудiң нысандары ретiнде, сонымен қатар қоғамдық орындарда аштық жариялауды, киiз үйлер, шатырлар, өзге де құрылыстар тұрғызуды және пикет қоюды түсiну керек.

2. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібі

      3. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы Сарқан ауданының әкімдігіне өтiнiш берiледi.
      Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiштердi еңбек ұжымдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарының он сегiз жасқа толған уәкiлдерi бередi.
      4. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiш оны өткiзудiң белгiленген датасынан кемiнде он күн бұрын жазбаша нысанда берiледi.
      Өтiнiште шараны өткiзу мақсаты, нысаны, өткiзiлетiн жерi немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкiлдердiң (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртiптiң сақталуына жауапты адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, олардың тұратын және жұмыс iстейтiн (оқитын) жерi, өтiнiштiң берiлген датасы көрсетiледi. Өтiнiштiң берiлген мерзiмi оның Сарқан ауданының әкімдігінде тiркелген күнiнен бастап есептеледi.
      5. Сарқан ауданының әкімдігі өтiнiштi қарайды және өтiнiште көрсетiлген шараның өткiзiлетiн уақытынан кемiнде бес күн бұрын уәкiлдерге (ұйымдастырушыларға) қабылданған шешiм туралы хабарлайды.
      6. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткiзу туралы өтiнiш беру кезінде осы тәртіптің 4-тармағының талаптарын орындамау (сөз - процедуралық талаптар туралы) жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттермен демонстрациялар өткізуден бас тарту үшін және бас тарту мазмұнында жауап қайтаруға негіз бола алмайды.
      Мұндай жағдайларда Сарқан ауданының әкімдігімен жол берілген кемшіліктерді жаңа өтініш беру жолымен жоюды ұсына отырып, түсіндіру мазмұнындағы ресми жауап беріледі. Жаңа өтінішті қарау мерзімдері оның келіп түскен күнiнен бастап есептеледi.
      7. Белгіленген тәртіппен берілген жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу туралы барлық өтініштерді қарау шеңберінде Сарқан ауданының әкімдігімен ұйымдастырушыларға талқылау және көтерілетін мәселелерді қарау үшін баламалы алаңшалар, шараны өткізетін басқа уақыт пен орын ұсынылуы мүмкін.
      8. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттермен демонстрациялар өткізуге рұқсат беруден Сарқан ауданының әкімдігі бас тартқанда немесе оны тыйым салу туралы шешім қабылданған жағдайларда, ұйымдастырушылар барлық дайындық шараларын тоқтату жөніндегі шараларды дереу қабылдауға және әлеуетті қатысушыларды бұл туралы тиісті хабарлауға міндетті.
      Шешiмге қолданыстағы заңнамамен белгiлеген тәртiппен шағым жасауға болады.
      Ұйымдастырушылар өз еркімен дайындық шараларын тоқтату бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда, (ұйымдастырушылық іс-әрекеттерінің жалғасқан жағдайларды қоса алғанда) Сарқан ауданының әкімдігі қалыптасқан жағдайларды және әлеуетті тәуекелдерді негізге алып, өзінің ресми интернет-сайтында, сондай-ақ мүмкіндігінше ұйымдастырушылармен заңсыз жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттермен демонстрацияларға шақырулар орналастырылған немесе орналастырып жатқан барлық ресурстарда рұқсатсыз акцияға қатысқаны үшін жауапкершілік туралы ескертумен жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттермен демонстрациялар өткізуге рұқсат беруден бас тарту туралы ақпаратты орналастыруға міндетті.
      9. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.
      10. Жиналыстарды, митингiлерде, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтауға мiндеттi.
      11. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:
      1) көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;
      2) елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;
      3) Сарқан ауданының әкімдігінің рұқсатынсыз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;
      4) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;
      5) өзiмен бiрге суыққаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардыңөмiрi мен денсаулығына қарсы азаматтарға, және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;
      6) жиналыстар, митингілер, шерулер, пикетер мен демонстарцияларға алкогольдік немесе есірткілік масаң күйдегі тұлғалардың қатысуына;
      7) алкоголь өнімін, металл, шыны ыдыстағы өнімді, пиротехникалық бұйымдарды және пайдаланылуы адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі не жеке немесе заңды тұлғаларға материалдық зиян келтіруі мүмкін өзге де заттарды алып жүруге;
      8) транспаранттар, ұрандар және басқа да материалдарды (визуалды, аудио/видео) дайындауға және қолдануға, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға немесе әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтарын кемсіту мазмұнындағы шақырумен көпшіліктің алдында сөз сөйлеуге;
      9) жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттермен демонстарциялар өтетін орындарда алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды, олардың тәріздестері мен прекурсорларды қолдануға;
      10) шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына тыйым салынады.
      Уәкiлдер (ұйымдастырушылар) көзделген нормаларды бұзған жағдайда заңда белгiленген тәртiп бойынша жауап бередi.
      12. Мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер, сондай-ақ азаматтар Заңмен белгiленген тәртiптi сақтап өткiзiлетiн жиналыстарға, митингiлерге, шерулерге, пикеттерге және демонстрацияларға кедергi жасауға құқылы емес.
      13. Егер жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткiзудiң мақсаты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк араздықты, дiни төзiмсiздiктi, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң басқа қағидаларын бұзу болса, немесе оларды өткiзу қоғамдық тәртiп пен азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн болса, Сарқан ауданының әкімдігі бұларды өткiзуге тыйым салады.
      Бұқаралық шараларды темiр жол, су және әуе көлiгiнiң объектiлерiнде,
      сондай-ақ мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн, қауiпсiздiгiн және халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдардың (қалалық қоғамдық көлiк, сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерiмен жабдықтау) жанында, денсаулық сақтау мен бiлiм беру мекемелерiнiң жанында өткiзуге жол берiлмейдi.
      14. Сарқан ауданында жиналыстар, митингілер мен пикеттер өткізу үшін келесі орындар айқындалсын:
      1) Сарқан қаласы, Тәуелсіздік көшесі, Мұхаметжан Тынышбаев атындағы орталық алаң;
      2) Сарқан қаласы, Жамбыл көшесіндегі саябақ.
      15. Сарқан ауданында шерулер мен демонстрациялар өткізу орны болып келесі маршруттары айқындалсын:
      Сарқан қаласы, Қабанбай батыр көшесінің бойымен Қ. Құлақов көшесінен бастап М. Разбеков көшесіне дейін.
      16. Егер: өтiнiш берiлмеген болса, тыйым салу туралы шешiм шығарылса, өткiзу кезiнде Заңның 4, 5 және 7-баптарында көзделген тәртiп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн, қоғамдық тәртiп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар Сарқан ауданыныңәкімдігі өкілінің талап етуі бойынша сөзсіз тоқтатылуға тиіс.
      Сарқан ауданының әкімдігі өкiлiнiң талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату жөнiнде қажеттi шаралар қолданады.

3. Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді мен демонстрацияларды өткізу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік

      17. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
      Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды өткiзу кезiнде оларға қатысушылардың азаматтарға, қоғамдық бiрлестiктерге, мемлекетке келтiрген материалдық залалы үшiн заңдарда белгiленген тәртiп бойынша өтем жасалуға тиiс.
      Жиналыс, митинг, шеру, пикет, демонстрация өткiзiлетiн жерде қоғамдық тәртiптi сақтау, үй-жайлар беру, санитарлық тазарту, жарық беру және радиоландыру жөнiндегi туындаған барлыққосымша шығындарды оларды ұйымдастырушылар өтейдi.
      18. Жиналыстар мен митингiлердi ұйымдастырудың және өткiзудiң Заңмен белгiленген тәртiбi еңбек ұжымдарының және қоғамдық бiрлестiктердiң заңдарға, өздерiнiң жарғылары мен ережелерiне сәйкес жабық үй-жайларда өткiзiлетiн жиналыстарына қолданылмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады