Тұздыбастау ауылдық округінің Тұздыбастау ауылындағы жаңа көшелеріне атау беру және "Молочная" көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 9 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 02 желтоқсанда № 4025 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Тұздыбастау ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Алматы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Талғар ауданының Тұздыбастау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тұздыбастау ауылдық округінің Тұздыбастау ауылының жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      1) Тұздыбастау ауылының солтүстік-шығысында орналасқан жетінші көшеге "Бердібек Соқпақбаев", сегізінші көшеге "Бәйтерек", оныншы көшеге "Бәйдібек баба", он екінші көшеге "Жүсіпбек Аймауытов", он төртінші көшеге "Роза Сырғабекова", он бесінші көшеге "Әбдіхан Құралбаев", он алтыншы көшеге "Мұса Нұрбаев", он сегізінші көшеге "Ләззат Асанова", он тоғызыншы көшеге "Тәуелсіздік", жиырма бірінші көшеге "Қайрат Рысқұлбеков", жиырма екінші көшеге "Достық", жиырма үшінші көшеге "Бірлік";
      2) Тұздыбастау ауылының оңтүстік-шығысында орналасқан алтыншы көшеге "Шыныбек Жақсылықов", жетінші көшеге "Әлмерек баба", сегізінші көшеге "Қасым хан", тоғызыншы көшеге "Мәрия Абайдулдаева", оныншы көшеге "Әнуар Молдабеков", он бірінші көшеге "Жеңіс", он екінші көшеге "Міржақып Дулатов".
      2. Тұздыбастау ауылдық округі Тұздыбастау ауылындағы "Молочная" көшесі "Дәулет Базарбаев" көшесіне қайта аталсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округі әкімінің орынбасары Р. Акатовқа жүктелсін.
      4. "Талғар ауданының Тұздыбастау ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы Калмурзаева Жанар Жумагалиевнаға осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап
      күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Талғар ауданының
      Тұздыбастау ауылдық округінің әкімі А. Турлашов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады