Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы

Жаңартылған

Жамбыл облысы Талас аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 350 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 қазанда № 3177 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығына сәйкес Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тiзiмiне қосу үшін субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша өтінімдерді ұсыну мерзімдері айқындалсын.
      2. "Талас ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы қаулының Талас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Рахимжанов Қайрат Аманжолұлына жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Рысмендиев

  Талас ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "27" қыркүйектегі
№ 350 қаулысына қосымша

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының субсидияланатын әрбір түрi бойынша субсидия алуға ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін тiзiмге қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Жамбыл облысы Талас аудандық әкімдігінің 16.11.2016 № 439 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).


Басым ауыл шаруашылығы дақылдары

Өтінімді ұсыну мерзімдерінің басталуы

Өтінімді ұсыну мерзімдерінің аяқталуы

1
Майлы дақылдар

10.10.2016 жыл

08.12.2016 жыл

2
Дәндік жүгері, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін және өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдану арқылы

10.10.2016 жыл

08.12.2016 жыл

3
Дәндік жүгері

10.10.2016 жыл

08.12.2016 жыл

4
Көпжылдық шөп (таза егіс)

10.10.2016 жыл

08.12.2016 жыл

5
2, 3 өсу жылдарындағы көпжылдық шөптер

10.10.2016 жыл

08.12.2016 жыл

6
Көп жылдық шөптер, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдану арқылы

10.10.2016 жыл

08.12.2016 жыл

7
Картоп

10.10.2016 жыл

08.12.2016 жыл

8
Күздік бидай

10.10.2016 жыл

08.12.2016 жыл

9
Жаздық арпа

10.10.2016 жыл

08.12.2016 жыл

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады