Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Төле би ауылындағы Саттар Естемесов көшесіне солтүстік жағынан қатарлас жатқан Саттар Естемесов көшесінің атауы Шолпанқұл Ибрагимұлы болып өзгертілсін.
Төле би ауылындағы Жауғаш батыр көшесіне шығыс жағынан қатарлас жатқан Жауғаш батыр көшесінің атауы Әбдамит Омарбекұлы болып өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Төле би ауылдық округі әкімінің орынбасары Б.Асатовқа жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төле би ауылдық | |
округінің әкімі | Е. Даберов |