Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 27.06.2017 № 37/04 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 болып тіркелген) сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Төмендегі:
1) басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
2) басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
3. "Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялау нормаларын бекіту туралы" қаулысы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Әбдібеков |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы "25" шілде № 54/03қаулысына 1-қосымша |
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі
р/н | Басым дақылдардың атауы |
1 | арпа |
2 | сұлы |
3 | масақ қоспасы (бидай және арпа;* арпа және сұлы**) |
4 | дәнді-бұршақ дақылдар |
5 | жармалық дақылдар (қарақұмық) |
6 | бір жылдық шөптер (судан шөбі, тары жемшөбі, сұлы сүрлем (монокорм) |
7 | ағымдағы жылғы көп жылдық шөптердің егістік алқабы (оның ішінде былтырғы жылдың күзінде) |
8 | сүрлемдік жүгері |
9 | сүрлемдік күнбағыс |
10 | майлы дақылдар |
11 | көкөністік - бақша дақылдары |
12 | 1 жылы тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген көкөністік - бақша және картоп дақылдары (қорғалған топырақ жағдайында өсірілетіндерден басқасы) |
13 | 2 жылы тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген көкөністік - бақша және картоп дақылдары (қорғалған топырақ жағдайында өсірілетіндерден басқасы) |
14 | қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары (өнеркәсіптік жылыжай кешендері) |
15 | қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары (фермерлік жылыжайлар) |
16 | картоп |
* азыққа
** пішендемеге
Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы "25" шілде № 54/03 қаулысына 2 қосымша |
Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға)
р/н | Басым дақылдардың атауы | 1 гектарға бюджеттік субсидия (базалық) нормалары, теңге |
1 | арпа | 2 500 |
2 | сұлы | 2 500 |
3 | масақ қоспасы (бидай және арпа;* арпа және сұлы**) | 2 000 |
4 | дәнді-бұршақ дақылдар | 2 500 |
5 | жармалық дақылдар (қарақұмық) | 2 500 |
6 | бір жылдық шөптер (судан шөбі, тары жемшөбі, сұлы сүрлем (монокорм) | 7 000 |
7 | ағымдағы жылғы көп жылдық шөптердің егістік алқабы (оның ішінде былтырғы жылдың күзінде) | 8 000 |
8 | сүрлемдік жүгері | 10 000 |
9 | сүрлемдік күнбағыс | 10 000 |
10 | майлы дақылдар | 4 500 |
11 | көкөністік - бақша дақылдары | 21 000 |
12 | 1 жылы тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген көкөністік - бақша және картоп дақылдары (қорғалған топырақ жағдайында тағы өсірілетіндерден басқасы) | 80 000 |
13 | 2 жылы тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген көкөністік - бақша және картоп дақылдары (қорғалған топырақ жағдайында өсірілетіндерден басқасы) | 30 000 |
14 | қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары (өнеркәсіптік жылыжай кешендері) | 4 000 000 |
15 | қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары (фермерлік жылыжайлар) | 1 960 000 |
16 | картоп | 4 500 |
* азыққа
** пішендемеге