Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 2/4 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 23 мамырда № 3810 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 29 шілдедегі № 59/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 29.07.2020 № 59/4 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Теміртау қаласы әкімінің бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы ұсынысын Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Заңына сәйкес қарастырып, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Теміртау қаласы және Ақтау кенті аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 13.07.2016 № 5/5 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 15 қаңтардағы "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" № 51/5 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3640 болып тіркелген, 2016 жылдың 01 ақпанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, 2016 жылғы 03 ақпандағы № 5 "Вечерняя Караганда" газетінде жарияланған) күшін жойды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      мәслихат хатшысы В. Свиридов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Теміртау қаласының ішкі
саясат бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
___________ Д. Жүнісова

      "19" сәуір 2016 жыл

  Теміртау қалалық мәслихатының
2016 жылғы 19 сәуіріндегі
№ 2/4 шешімімен бекітілді

Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу

      1. Теміртау қаласы және Ақтау кентінде осы бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу (әрі қарай - Тәртіп) Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Заңының 10 бабына сәйкес әзірленген және Теміртау қаласы және Ақтау кентінде жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттейді.      

      2. Теміртау қаласында бейбіт жиналыстар және митингілер өткізу орындары:

      1) Ескі қала саябағы, Республика даңғылы, 134;

      2) мәдениет және демалыс саябағы, Республика даңғылы, 13/1;

      3) "Металлург" стадионының артындағы алаң.

      3. Ақтау кентінде бейбіт жиналыстар және митингілер өткізу орыны: Карл Маркс, 5 көшесіндегі, "Ақтау" мәдени - бос уақыт өткізу орталығы" коммуналдық қазыналық мемлекеттік мекемесі алдындағы алаң.

      4. Теміртау қаласында бейбіт шерулер және демонстрациялар өткізу үшін маршруттар:

      1) Панфилов көшесімен мен Республика даңғылы қыйылысқан жерден, Республика даңғылы, 134 орналасқан, ескі қаланың саябағына дейін;

      2) Блюхер көшесімен Республика даңғылы қыйылысқан жерден, Республика даңғылы, 13/1, мәдениет және демалыс саябағына дейін;

      3) Калинин көшесі мен Победа көшесі қиылысқан жерден, Республика даңғылы, 13/1, мәдениет және демалыс саябағына дейін;

      4) Мичурин көшесі мен Комсомол даңғылы қиылысқан жерден, "Металлург" стадионы артындағы алаңға дейін.

      5. Ақтау кентінде бейбіт шерулер және демонстрациялар өткізу үшін маршрут, Спартак көшесінен Карл Маркс көшесі бойымен Карл Маркс 5, көшесіндегі, "Ақтау" мәдени - бос уақыт өткізу орталығы" коммуналдық қазыналық мемлекеттік мекемесі алдындағы алаңға дейін.

      6. Қала әкімдігі басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауiпсiздiктi, сондай-ақ көлiктiң, инфрақұрылым объектiлерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiн, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда, өтiнiш жасағандарға шараны өткiзудiң өзге уақыты, жерiн және маршрутын ұсынады.

      7. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiш оны өткiзудiң белгiленген күннінен кемiнде 10 күн бұрын жазбаша нысанда берiледi.

      8. Өтiнiште шараны өткiзу мақсаты, нысаны, өткiзiлетiн жерi немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкiлдердiң (ұйымдастырушылардың) және тәртiптiң сақталуына жауапты адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, олардың тұратын және жұмыс iстейтiн (оқитын) жерi, өтiнiштiң берiлген күні көрсетiледi. Өтiнiштiң берiлген мерзiмi қала әкімдігінде тiркелген күнiнен бастап есептеледi.

      9. Осы тәртіптің 7, 8 тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда өтініш берушіге жол берілген кемшілікті жаңа өтініш беру жолымен жоюды ұсына отырып, түсіндіру мазмұнындағы жауап қайтарылады. Жаңа өтінішті қарау мерзімі оның түскен күнiнен бастап есептеледi.

      10. Түсіндіру мазмұнындағы жауапта, ұйымдастырушылар барлық дайындық шараларын тоқтатуға және бұл туралы ықтимал қатысушыларды хабардар ету бойынша шаралар қабылдауға жазбаша нұсқалады.

      11. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.

      12. Жиналыстарды, митингiлерде, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтауы керек.

      13. Уәкілеттілер (ұйымдастырушылар) жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларға сот әрекет қаблеттілігі жоқ деп таныған тұлғалардың, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйдегі тұлғалардың қатысуына жол бермеуі керек.

      14. Уәкілеттілер (ұйымдастырушылар) және басқа да қатысушылар жиналыстарда, митингілерде, шерулерде, пикеттерде, демонстрацияларда жеке басын анықтауға қиындық келтіретін бетперде және басқа да бұйымдарды қолдануға жол берілмейді.

      15. Уәкілеттілер (ұйымдастырушылар) және басқа да қатысушылар жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өтетін орында алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды, олардың балама түрлерін және прекурсорларды қолдануға, қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға шақыратын, біреудің ар-намысына тиетін, транспаранттарды, ұрандарды қолдануға, сондай-ақ көпшілік алдындағы сөздерге жол берілмейді.

      16. Егер: өтініш берілмеген болса, тыйым салу туралы шешім шығарылса, өткізу кезінде Қазақстан Республикасын заңнамаларында көзделген тәртіп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін, қоғамдық тәртіп бұзылатын жағдайда бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар қала әкімдігі өкілінің талап етуі бойынша тоқтатылуға тиіс.

      17. Қоғамдық тәртіпті, сонымен қатар пикетке қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, қала әкімдігі бір күнде, бір уақытта және бір объектіде үшеуден аспайтын жеке дара пикетті өткізуге рұқсат беруі мүмкін.

      18. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында, сонымен қатар пикетке қатысушылардың қауіпсіздігі мақсатында түрлі жеке дара пикетке қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 06.10.2016 № 7/5 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      19. Пикет өткізу кезінде пикет өткізілетін объектінің алдында тұруға, отыруға, көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға, пикеттің тақырыбы бойынша қысқа ұрандарды айтуға, ұран сөздерді (өз даусының мүмкіндігімен) жол беріледі.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 06.10.2016 № 7/5 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций

Решение Темиртауского городского маслихата Карагандинской области от 19 апреля 2016 года № 2/4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 23 мая 2016 года № 3810. Утратило силу решением Темиртауского городского маслихата Карагандинской области от 29 июля 2020 года № 59/4

      Сноска. Утратило силу решением Темиртауского городского маслихата Карагандинской области от 29.07.2020 № 59/4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Рассмотрев предложение акима города Темиртау о дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций, в соответствии с Законом Республики Казахстан от 17 марта 1995 года "О порядке организации и проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Республике Казахстан", городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Дополнительно регламентировать порядок проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории города Темиртау и поселка Актау согласно приложению.
      Сноска. Пункт 1 изложен в новой редакции на казахском языке, текст на русском языке не меняется решением Темиртауского городского маслихата Карагандинской области от 13.07.2016 № 5/5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2. Признать утратившим силу решение Темиртауского городского маслихата от 15 января 2016 года № 51/5 "О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3640, опубликовано в информационно-правовой системе "Әділет" 01 февраля 2016 года, опубликовано в газете "Вечерняя Караганда" № 5 от 03 февраля 2016 года).
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии,
секретарь маслихата
В. Свиридов

      СОГЛАСОВАНО

      Руководитель
государственного учреждения
"Отдел внутренней политики
города Темиртау"
___________ Д. Жунусова

      19 апреля 2016 года

  Утверждено решением
Темиртауского городского маслихата
от 19 апреля 2016 года № 2/4

Дополнительное регламентирование порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций

      1. Настоящее дополнительное регламентирование порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в городе Темиртау и поселке Актау (далее – Порядок) разработан в соответствии со статьей 10 закона Республики Казахстан от 17 марта 1995 года "О порядке организации и проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Республике Казахстан" и дополнительно регламентирует порядок проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в городе Темиртау и поселке Актау.
      2. Места проведения мирных собраний и митингов в городе Темиртау:
      1) Парк старого города, проспект Республики, 134;
      2) Парк культуры и отдыха, проспект Республики, 13/1;
      3) Площадь за стадионом "Металлург".
      3. Место проведения мирных собраний и митингов в поселке Актау: площадь перед коммунальным государственным казенным предприятием "Культурно-досуговый центр "Актау" по улице Карла Маркса, 5.
      4. Маршруты для проведения шествий и демонстраций в городе Темиртау:
      1) от места пересечения улицы Панфилова и проспекта Республики, до Парка старого города, расположенного по проспекту Республики, 134;
      2) от места пересечения улицы Блюхера и проспекта Республики, до Парка культуры и отдыха, расположенного по проспекту Республики, 13/1;
      3) от места пересечения улицы Калинина и улицы Победы, до Парка культуры и отдыха, расположенного по проспекту Республики, 13/1;
      4) от места пересечения улицы Мичурина и проспекта Комсомольский до площади за стадионом "Металлург".
      5. Маршрут для проведения мирных шествий и демонстраций в поселке Актау, от улицы Спартака по улице Карла Маркса до площади перед коммунальным государственным казенным предприятием "Культурно-досуговый центр "Актау", по улице Карла Маркса, 5.
      6. Акимат города в целях обеспечения прав и свобод других лиц, общественной безопасности, а также нормального функционирования транспорта, объектов инфраструктуры, сохранности зеленых насаждений и малых архитектурных форм при необходимости предлагает обратившимся с заявлением иные время, место и маршрут проведения мероприятия.
      7. Заявление о проведении собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации подается в письменной форме не позднее чем за 10 дней до намеченной даты их проведения.
      8. В заявлении указываются цель, форма, место проведения мероприятия или маршруты движения, время его начала и окончания, предполагаемое количество участников, фамилии, имена, отчества уполномоченных (организаторов) и лиц, ответственных за соблюдение порядка, место их жительства и работы (учебы), дата подачи заявления. Срок подачи заявления исчисляется со дня его регистрации в акимате города.
      9. В случае нарушения пунктов 7, 8 настоящего Порядка заявителю дается ответ, разъяснительного характера, с предложением устранить допущенные нарушения путем подачи нового заявления. Сроки рассмотрения нового заявления исчисляются с момента его поступления.
      10. В ответе, разъяснительного характера, организаторам письменно указывается на принятие мер по отмене всех подготовительных процедур и по надлежащему оповещению об этом потенциальных участников.
      11. Собрания, митинги, шествия, пикеты и демонстрации, а также выступления их участников проводятся в соответствии с целями, указанными в заявлении, в определенные сроки и в обусловленном месте.
      12. При проведении собраний, митингов, шествий, пикетов, демонстраций уполномоченные (организаторы), а также иные участники должны соблюдать общественный порядок.
      13. Уполномоченные (организаторы) должны не допускать участия в собраниях, митингах, шествиях, пикетах, демонстрациях лиц, признанных судом недееспособными, лиц находящихся в состоянии алкогольного либо наркотического опьянения.
      14. Уполномоченным (организаторам) и иным участникам собраний, митингов, шествий, пикетов, демонстраций не допускается использование масок и иных предметов, предназначенных для затруднения установления личности.
      15. Уполномоченным (организаторам) и иным участникам собраний, митингов, шествий, пикетов, демонстраций не допускается распитие алкогольных напитков, употребление наркотических средств, психотропных веществ, их аналогов, прекурсоров, использовать транспаранты, лозунги, а также допускать публичные выступления, содержащие призывы к нарушению общественного порядка, совершению преступлений, а также оскорбления в адрес кого-либо.
      16. Собрания, митинги, шествия, пикеты и демонстрации должны быть прекращены, по требованию представителя акимата города, если: не было подано заявление, состоялось решение о запрещении, нарушен порядок их проведения, предусмотренный законодательством Республики Казахстан, а также при возникновении опасности для жизни и здоровья граждан, нарушении общественного порядка.
      17. В целях обеспечения общественного порядка, а также безопасности участников пикетов акимат города может разрешить проведение в один и тот же день и время, на одном и том же объекте не более трех одиночных пикетов.
      18. В целях обеспечения общественного порядка, так и в интересах безопасности самих пикетчиков участники различных одиночных пикетов располагаются друг относительно друга на расстоянии не менее 50 метров.
      Сноска. Пункт 18 изложен в новой редакции на казахском языке, текст на русском языке не меняется решением Темиртауского городского маслихата Карагандинской области от 06.10.2016 № 7/5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      19. При пикетировании допускается стоять, сидеть у пикетируемого объекта, использовать средства наглядной агитации, выкрикивать краткие лозунги, слоганы по теме пикета (используя возможности своего голоса).
      Сноска. Пункт 19 изложен в новой редакции на казахском языке, текст на русском языке не меняется решением Темиртауского городского маслихата Карагандинской области от 06.10.2016 № 7/5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).