Теміртау қаласы мәслихатының 2016 жылғы 19 сәуірдегі 2 сессиясының № 2/4 "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 6 қазандағы № 7/5 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 қазанда № 4008 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 29 шілдедегі № 59/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 29.07.2020 № 59/4 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Заңына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Теміртау қаласы мәслихатының 2016 жылғы 19 сәуірдегі 2 сессиясының № 2/4 "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3810 болып тіркелген, 2016 жылғы 31 мамырдағы № 3 "Стальная гвардия" газетінде жарияланған, 2016 жылдың 16 маусымында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған), шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) 18 тармақ мемлекеттік тілде келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "18. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында, сонымен қатар пикетке қатысушылардың қауіпсіздігі мақсатында түрлі жеке дара пикетке қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасады.";

      2) 19 тармақ мемлекеттік тілде келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "19. Пикет өткізу кезінде пикет өткізілетін объектінің алдында тұруға, отыруға, көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға, пикеттің тақырыбы бойынша қысқа ұрандарды айтуға, ұран сөздерді (өз даусының мүмкіндігімен) жол беріледі.".

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
мәслихат хатшысы
В. Свиридов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Теміртау қаласының ішкі
саясат бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысының м.а.
      _______________ Э. Казимова

      "6" қазан 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады