Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 51/5 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 қаңтарда № 3640 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 2/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 19.04.2016 №2/4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Теміртау қаласы әкімінің бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Теміртау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары белгіленсін:
      1) Ескі қала саябағы, Республика даңғылы, 134;
      2) Мәдениет және демалыс саябағы, Республика даңғылы, 12;
      3) "Металлург" стадионы артындағы алаң.
      2. Ақтау кентінде бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары болып, "Ақтау" мәдени-бос уақыт өткізу орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын алдындағы алаң белгіленсін.
      3. Теміртау қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 11 шілдедегі "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" № 41/5 шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-3-42 болып тіркелген, 2007 жылғы 25 шілдедегі "Зеркало" № 30, 2007 жылғы 26 шілдедегі "Теміртау" № 30 газеттерінде жарияланған).
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы
С. Есжанов
Мәслихат хатшысы
В. Свиридов

      
      КЕЛІСІЛДІ
      Теміртау қаласының әкімі
      ___________ Ғ. Әшімов
      "15" қаңтар 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады