"Шалғы кенті әкiмiнiң аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қаражал қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 3 ақпандағы № 15 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 3 наурызда № 3692 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 56 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 13.06.2018 № 56 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген "Шалғы кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қаражал қаласы әкімінің орынбасары М.Джанабергеновке жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қаражал қаласның әкімі Қ. Шорманбаев

  Қаражал қаласы әкімдігінің
2016 жылғы "03" ақпан
№15 қаулысымен
бекітілген

"Шалғы кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Шалғы кенті әкiмiнiң аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) мемлекеттік басқарманың шеңберінде басшылық етеді, кент аумағында мемлекеттік саясатын жүргізуге қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Мемлекеттік мекеме егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Мемлекеттік мекеме құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Мемлекеттік мекеменің заңды мекен-жайы: 100700 Қарағанды облысы, Қаражал қаласы, Абай көшесi, 9 үй.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы:

      мемлекеттік тілде – "Шалғы кенті әкiмiнiң аппараты" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде – Государственное учреждение "Аппарат акима поселка Шалгинский".

      10. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Мемлекеттік мекеме кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Мемлекеттік мекеменің миссиясы:

      тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      14.Міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекет егемендігін, конституциялық құрылысын қорғау және бекіту, азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету саясатын жүзеге асыру;

      2) тиісті аумақтарды дамытудың мүдделерімен және қажеттіліктері байланысымен атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде кент әкіміне жәрдем көрсету;

      3) кентте мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әлеуметтік және экономикалық үрдістермен басқара отырып жүзеге асыру;

      4) заңдылық пен құқық бұзушылықты нығайту, азаматтардың құқық санасының деңгейін және олардың еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі белсенді азаматтық айқындамасын арттыру бойынша шараларды жүзеге асыру;

      5) қала әкімінің және әкімдігінің актілерінің, әкімнің және әкім орынбасарлары мен қала әкімдігінің тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру және орындалуына бақылау жасау;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

      15. Функциялары:

      1) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент пен Үкімет актілерінің, облыс, қала және кент әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің мінсіз орындалуын ұйымдастырады;

      2) кент әкімінің өкімдерінің, әкімдік қаулыларының жобаларын әзірлеу;

      3) кенттің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерінің талдауын жүргізеді, тиісті ұсыныстар мен кепілдемелер дайындайды;

      4) кент әкімінің ақпаратты-талдамалы, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз ету;

      5) кент әкімі қызметінің құжаттамалық қамтамасыз етуін жүзеге асырады;

      6) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу мен қарастырылуын қамтамасыз етеді және заңмен белгіленген тәртіпте жауаптар дайындау, кент әкімімен азаматтардың жеке қабылдауын жүргізуді ұйымдастырады;

      7) кент әкімі құқық қорғау органдарымен және сот жүйесі органдарымен кентте заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту сұрақтары бойынша үйлестіруді және өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді;

      8) кент әкімінің өкімдерінің сақталуын қамтамасыз ету;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді;

      10) мемлекеттік мекеменің сұрақтарына қатысты, қызметтік хат алмасуды жүргізу;

      11) мемлекеттік мекеменің жұмысын жоспарлау, кеңестерді, семинарларды және өзге де іс-шараларды өткізуге дайындық жүргізуді және өткізуді ұйымдастыру;

      12) бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін- өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етеді;

      13) жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын бекітеді;

      басқаруына берілген қалалық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз жалға (жалдауға) береді;

      15) елді мекенде мал жайылымы орындарын белгілейді;

      16) тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы індеттері туындаған жағдайда, бас ветеринарлық-санитарлық мемлекеттік инспектордың ұсынысымен аймақта карантин немесе шектеу қоятын іс-шаралар белгілеу туралы шешім қабылдайды;

      17) тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы ауруларының ошағын жою бойынша ветеринарлық іс-шаралар кешенін өткізгеннен кейін бас ветеринарлық-санитарлық мемлекеттік инспектордың ұсынысына қарай карантин немесе шектеу қоятын іс-шараларын алу туралы шешім қабылдайды;

      18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      16. Құқықтары мен міндеттері:

      1) кент әкімі аппаратының әкімгері болып табылатын бюджеттік бағдарламалар мен стратегиялық жоспарды әзірлеуде жергілікті халық жиналысына талқылауға жиынға Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес ауданның бюджет құрамында қарастырылған бағыттар бойынша жергілікті сипаттағы мәселелерді қаржыландыру бойынша ұсыныстар беруге;

      2) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қалалық мәслихат сессияларының жұмысына қатысуға;

      3) жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізуге;

      4) мемлекеттік мекемеге жүктелген функцияларды орындау үшін ведомстволардан, жергілікті мемлекеттік басқару органдарынан қажетті ақпараттық, әдістемелік, нормативтік материалдарды, статистикалық мәліметтерді алуға;

      5) қала әкімінің қарауына, құзыретіне кіретін мәселерді шешу жөніндегі ұсыныстарды енгізуге;

      6) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен мәжілістерді шақыруға;

      7) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, шағымдарды және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға;

      9) қала әкімдігінің және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың отырыстарына қатысу;

      10) ақпараттық мәліметтердің барлық түрлерін пайдалануға, мемлекеттік мекеменің құзырлығына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және барлық меншік нысанындағы мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;

      11) қолданыстағы заңнамаларда қарастырылған, осы Ереженің міндеттері мен функцияларынан туындайтын басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. Мемлекеттік мекемесін басшылықты мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      18. Мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке қала әкімімен тағайындалады және қызметтен босатылады.

      19. Мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:

      1) мемлекеттік мекеменің жалпы басқаруын, мемлекеттік мекеменің жұмысын үйлестіреді және бақылайды;

      2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеме білдіреді;

      3) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      4) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңда белгіленген тәртіппен өкімдер түрінде ауылдық округі аумағында міндетті күші болатын актілер шығарады;

      5) есеп және қызметтік құжаттамаларға қол қояды;

      6) шарттар жасайды;

      7) банктік шоттар ашады;

      8) қала әкімдігіне мемлекеттік мекеменің ережесі мен құрылымын және олардағы өзгерістерді бекітуге ұсынады;

      9) мемлекеттік мекемесінің шығыстар сметасын бекітеді және оның шегінде қаржы қаражаттарын басқарады;

      10) заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      11) заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне тәртіптік жаза беру және көтермелеу шараларын қолданады;

      12) сенімхаттар береді;

      13) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің міндеттерін және олардың өкілеттік шеңберін белгілейді;

      14) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      15) қала әкімінің тапсырмаларын орындайды;

      16) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады;

      17) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және уәкілетті органмен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

      Мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады