Саран қалалық мәслихатының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Саран қаласы мен Ақтас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 279 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2016 жылғы 28 қыркүйектегі 5 сессиясының № 60 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 қазанда № 3984 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2023 жылғы 23 қарашадағы № 75 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 23.11.2023 № 75 (оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Саран қалалық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Саран қаласы мен Ақтас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 279 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2491 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде 2014 жылы 16 қаңтарда жарияланған, 2014 жылы 17 қаңтардағы № 3 "Саран газеті" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Саран қаласы мен Ақтас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларындағы:

      6 тармақтың 10 абзацы алынып тасталсын;

      6 тармақтың 11 абзацы жаңа редакцияда жариялансын:

      "30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні - мерекесіне - 1, 2, 3, топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі мүгедек - балаларға.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасарына және Саран қалалық мәслихатының азаматтардың құқықтарын қорғау заңдылықтары және әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Қ. Абзалиева
      Мәслихат хатшысы Р. Бекбанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады