Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген "Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | С. Аймаков |
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 3/3 қаулысымен бекітілген |
"Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар салаларында басшылық пен үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Мемлекеттік мекеме егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7.пМемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданымдағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі: 101600, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Калинин көшесі, 17.
9. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде – "Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде – Государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ города Шахтинска".
10. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Миссиясы: халықтың әлеуметтік әлсіздіктерін, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бірынғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының қолданып жүрген заңнамаларына сәйкес ауданының басқа мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру болып табылады.14. Міндеттері:
1) халықты жұмыспен қамту бағдарламаларды жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасына сәйкес аз қамтылған, жұмыссыз азаматтарға, ардагерлерге мүгедектер мен басқа санаттағы азаматтарға әлеуметтік қолдауды ұйымдастыру.
15. Функциялары:
1) еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға және бұл туралы халыққа, жергілікті атқарушы органдарға ақпарат беруге;
2) құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясатты және жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін iс-шараларды iске асыруға міндетті;
3) мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау мен төлеу;
4) бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй көмегін көрсету;
5) атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауды жүзеге асыру;
6) мүгедектерге әлеуметтiк көмегін көрсету;
7) мүгедектерге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну;
8) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
9) жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жасау;
10) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету.
11) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды іске асыру.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік мекеменің құзырлығына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардан, ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды, жеке және заңды тұлғалардан ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұрату және алу;
2) ақпараттық мәліметтердің барлық түрлерін пайдалануға, мемлекеттік мекеменің құзырлығына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және барлық меншік нысанындағы мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;
3) қала әкімдігінің және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың отырыстарына қатысу;
4) Қазақстан Республикасының қолданымдағы заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттері бар.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. Мемлекеттік мекемеге басшылықты мемлекеттік мекемегежүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
18. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік мекеме жұмысына жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады;
2) қала әкімдігіне мемлекеттік мекеменің ережесі мен құрылымын және олардағы өзгерістерді бекітуге ұсынады;
3) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық нұсқауларын бекітеді;
4) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
5) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
6) шарттар жасайды;
7) банктік шоттар ашады;
8) мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін, сондай-ақ, білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және шартта жұмысқа қабылдауды және және жұмыстан босатуды жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне ынталандыру шараларын қолданады және оларға тәртіптік жаза қолданады;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар қабылдайды;
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына жеке жауапкершілік жүктеледі;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы ережемен және уәкілетті органмен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде
оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
20. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) есебінен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеменің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.