"Шахтинск қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2016 жылғы 28 қыркүйектегі VI шақырылған VII сессиясының № 1342/7 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 қазанда № 3986 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 19 маусымдағы № 1723/39 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 19.06.2020 № 1723/39 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі" туралы заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1.Осы шешімнің қосымшасына сәйкес "Шахтинск қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін.

      2.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Суханова
      Мәслихат хатшысы Ж. Мамерханова

  Шахтинск қалалық мәслихатының
2016 жылғы 28 қыркүйектегі
VII сессиясының № 1342/7
шешімімен бекітілген

"Шахтинск қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасы

      1.Осы "Шахтинск қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасы (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және "Шахтинск қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру тәртібін және сипаттамасын анықтайды.

      2. Қызметтік куәлік (бұдан әрі - куәлік) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің "Шахтинск қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінде атқаратын қызметін растайтын ресми құжат болып табылады.

      3. Куәлік бір түрде жасанды теріден жасалған мұқабада көзделген.

      4. Куәлік белгіленген тәртіппен Шахтинск қалалық мәслихаты хатшысының қолтаңбасымен беріледі.

      5. Куәлік лауазымға тағайындалған, ауыстырылған (қайта тағайындалған), бүлінген, жоғалған кезде беріледі.

      6. Атқарып отырған лауазымынан босатылған, қызметтен босатылған, ауыстырылған (қайта тағайындалған) кезде, қызметкерлер тиісті өкімнің шыққан күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде куәлікті алған жеріне тапсырады.

      7. Куәліктердің берілуі мен қайтарылуын есепке алуды осы Қағидаларға 1-қосымшаға нысан бойынша нөмірленетін және тігілетін, куәліктерді беру және қайтару журналында жүзеге асырылады.

      8. Куәліктердің берілуі мен қайтарылуын есепке алуды "Шахтинск қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің кадрлар жұмысы жөніндегі бас маман жүргізеді.

      9. Куәліктерді есептен шығаруды және жоюды Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәліктерді есептен шығаруға және жоюға арналған актіні жасай отырып "Шахтинск қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің кадрлар жұмысы жөніндегі бас маман жүргізеді.

      10. Куәлікті жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда қызметкер үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде "Шахтинск қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің кадрлар жұмысы жөніндегі бас мамана хабарлайды.

      11. Куәлікті жоғалтқан адам жоғалған куәліктің жарамсыздығы туралы мәліметті жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға жібереді.

      12. Куәлікті дұрыс сақтамау нәтижесінде болған жоғалту, бүлдіру, сондай-ақ куәлікті басқа тұлғаларға беру, куәлікті жеке басы үшін қызметтен тыс мақсаттарда пайдаланудың әрбір фактісін "Шахтинск қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің кадрлар жұмысы жөніндегі бас маман белгіленген тәртіппен қызметтік тексеру жүргізу қажеттігі тұрғысынан қарайды.

      13. Көк түсті жасанды теріден жасалған мұқабадағы куәлікте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік тілде "Куәлік" деген типографиялық шрифтегі жазбасы мемлекеттік және орыс тілінде болады. Ашылған түрінде куәліктің мөлшері 65x200 миллиметр, ішбеті форматы 60х90 миллиметр. Сол жақ және оң жақ ішкі бөлігі белгіленген үлгідегі тангир торының аясында күннің астында қалықтаған бүркіт бейнеленген көгілдір түсте орындалған. Сол жақ бұрыштың сол жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының суреті. Он жақ бұрыштың сол жағында фотосуретке арналған орын бар. Екі жағында да жоғарғы бөлігінде мемлекеттік және орыс тілдерінде "Шахтинск қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі деген жазу басылады, төменгі жағында куәліктің нөмірі, мемлекеттік және орыс тілдерінде тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атқаратын лауазымы мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетіледі. Екі жақ төменгі тарапында куәліктің берілген күні болады.

      14. Куәліктер Шахтинск қалалық мәслихаты хатшысының қолымен расталады және елтаңбалы мөрмен бекітіледі.

  "Шахтинск қалалық мәслихатының
аппараты" мемлекеттік мекемесінің
қызметтік куәлігін беру Қағидаларына
және оның сипаттамасына
1-қосымша

      Нысан

"Шахтинск қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру және қайтару журналы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Атқаратынлауазымы

Куәлік №

Беру күні

Куәлік берілген қызметкердің қолы

Тапсырукүні

Куәлікті тапсырған қызметкердің қолы




































      Ескертпе: журнал тігілген, нөмірленген болуытиіс.

  "Шахтинск қалалық мәслихатының
аппараты" мемлекеттік мекемесінің
қызметтік куәлігін беру Қағидаларына
және оның сипаттамасына
2-қосымша

      Нысан

Ұйымның атауы

АКТІ

      __________________ ________________ №________

      жасалу орны       күні

      Біз, төменде қол қойғандар (кемінде 3 қызметкер, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), атқаратын лауазымын көрсету керек), "Шахтинск қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларының 9-тармағының негізінде қызметкердің жұмыстан босатылуына, басқа қызметке ауысуына (қайта тағайындалған) байланысты қызметтік куәлігін жою және есептен шығару бойынша осы актіні жасадық.

      Лауазымның атауы Қолы

      Лауазымның атауы Қолы

      Лауазымның атауы Қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады