Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы № 27/174 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 мамырдағы II сессиясының № 2/20 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 мамырда № 3822 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2021 жылғы 1 наурыздағы № 3/30 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 01.03.2021 № 3/30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы № 27/174 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2587 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 сәуірдегі № 17 (9611) "Жаңаарқа" газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылы 30 мамырда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларының 27-тармағы алынып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен тыс
II сессиясының төрағасы
Б. Бекежанова
      Аудандық мәслихат хатшысы К. Имантусупов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады