1. Меншік нысанына және ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарда қызметкерлердің тізімдік санынан пайызбен көрсеткенде қосымшаға сәйкес мүгедектер үшін 2%-дан 4%-ға дейінгі көлемде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қанат Шұбайұлы Қожықаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ғ. Омаров |
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 87/01 қаулысына қосымша |