"Жаңаарқа аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 қыркүйектегі IV сессиясының № 4/44 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 10 қазанда № 3978 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2020 жылғы 12 маусымдағы № 53/370 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 12.06.2020 № 53/370 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына сәйкес, Жаңаарқа аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. "Жаңаарқа аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс ІV сессиясының төрағасы
Т. Мусаев
      Аудандық мәслихат хатшысы К. Имантусупов

  Жаңаарқа аудандық мәслихатының
2016 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 4/44 шешімімен бекітілген

"Жаңаарқа аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасы

      1. Осы "Жаңаарқа аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасы (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленген және "Жаңаарқа аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру тәртібін және оның сипаттамасын анықтайды.

      2. Қызметтік куәлік (бұдан әрі - куәлік) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің "Жаңаарқа аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінде атқаратын қызметін растайтын ресми құжат болып табылады.

      3. Куәлік бір түрде жасанды теріден жасалған мұқабада көзделген.

      4. Куәлік Жаңаарқа аудандық мәслихаты хатшысының қолтаңбасымен белгіленген тәртіпте беріледі.

      5. Куәлік лауазымға тағайындаған, ауыстырған (қайта тағайындаған), бүлінген, жоғалған кезде беріледі.

      6. Атқарып отырған лауазымынан босатылған, қызметтен босатылған, ауыстырылған (қайта тағайындалған) кезде, қызметкерлер тиісті өкімнің шыққан күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде куәлікті алған жеріне тапсырады.

      7. Куәліктердің берілуі мен қайтарылуын есепке алуды осы Қағидаларға 1-қосымшадағы нысан бойынша нөмірленетін және тігілетін, куәліктерді беру және қайтару журналында жүзеге асырылады.

      8. Куәліктердің берілуі мен қайтарылуын есепке алуды мәслихат аппаратының басшысы жүргізеді.

      9. Куәліктерді есептен шығаруды және жоюды осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәліктерді есептен шығаруға және жоюға арналған тиісті актіні жасай отырып, мәслихат аппаратының басшысы жүргізеді.

      10. Куәлікті жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда қызметкер үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде мәслихат аппаратының басшысына хабарлайды.

      11. Куәлікті жоғалтқан адам жоғалған куәліктің жарамсыздығы туралы ақпаратты жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға жібереді.

      12. Қызметтік куәлікті дұрыс сақтамау нәтижесінде болған жоғалту, бүлдіру, сондай-ақ қызметтік куәлікті басқа тұлғаларға беру, қызметтік куәлікті жеке басы үшін қызметтен тыс мақсаттарда пайдаланудың әрбір фактіні аппарат басшысы белгіленген тәртіппен қызметтік тексеру жүргізу қажеттігі тұрғысынан қарайды.

      13. Куәліктің мұқабаларының көлемі 19 см х 6,5 см (ашып көрсетілген түрінде), көк (көгілдір) түсті жасанды былғарыдан болады. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында алтын түсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен "КУӘЛІК", "УДОСТОВЕРЕНИЕ" деген типографиялық қаріппен жазба жазылады. Куәліктің ішкі жағында сары түс аясында шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасын қолдана отырып көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде (қазақ және орыс тілдерінде) "Жаңаарқа аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі, одан төмен мәтіннен көк түсті үзік жолақпен бөлектелген "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазулар орналастырылған. Сол жағында: көлемі 2,5 х 3,5 см фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті). Оң жағында: көгілдір түсті көлемі 3 х 4 см Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында көгілдір жасыл түсті "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу және орыс тіліндегі мәтін. Төменгі жағында куәліктің жарамдылық мерзімі көрсетіледі.

      14. Куәліктер Жаңаарқа аудандық мәслихатының хатшысы қолтаңбасымен расталады және елтаңбалы мөрмен бекітіледі.

  "Жаңаарқа аудандық мәслихат
аппараты" мемлекеттік мекемесінің
қызметтік куәлігін беру Қағидалары
және оның сипаттамасына
1 қосымша

      Нысан

"Жаңаарқа аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәліктерін беру және қайтару журналы

Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
 

Атқаратын лауазымы

Куәлік

Беру күні
 

Куәлік берілген қызметкердің
қолы

Тапсыру
күні
 

Куәлікті тапсырған қызметкердің
қолы

      Ескертпе: журнал тігілген, нөмірленген болуы тиіс.

  "Жаңаарқа аудандық мәслихат
аппараты" мемлекеттік мекемесінің
қызметтік куәлігін беру Қағидалары
және оның сипаттамасына
2 қосымша

      Нысан

Ұйымның атауы

АКТІ № ______

      __________________ ________________
жасалу орны                                                             күні

      Біз, төменде қол қойғандар (кемінде 3 қызметкер, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), атқаратын лауазымын көрсету керек), қызметтік куәлікті беру қағидаларының 9-тармағының негізінде "Жаңаарқа аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің жұмыстан босатылуға, басқа қызметке ауысуға байланысты қызметтік куәліктерін жою және есептен шығару бойынша осы актіні жасадық.

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Лауазымның атауы Қолы
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Лауазымның атауы Қолы
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Лауазымның атауы Қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады