Қарқаралы ауданының ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын 2017 жылы ұсыну туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы X сессиясының № VI-10/77 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 қаңтарда № 4080 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекiту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9946 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
      1. Қарқаралы ауданының ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына, өтiнiш берген сәтiне жетпiс еселiк айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы ұсынылсын.
      2. Қарқаралы ауданының ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына өтiнiш берген сәтiне тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн, маманмен мәлiмделген сомада, бiрақ бiр мың бес жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспайтын, бюджеттiк кредит түрiнде әлеуметтiк қолдау ұсынылсын.
      3. "Қарқаралы ауданының экономика және қаржы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi осы шешiмдi iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
      4. Осы шешiм оның алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      10 сессия төрағасы: М. Мубараков
      Аудандық мәслихат хатшысы: С. Нуркенов

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қарқаралы ауданының
      экономика және қаржы бөлiмi"
      мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы
      Б. С. Берниязов

      " " 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады