Нұра ауданындағы көшпелі сауда үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 09/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 сәуірде № 3767 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 9 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 29.12.2018 № 9 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" № 264 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Арнайы немесе сауда жабдығымен жарақталған мамандырылған транспорт құралдарын пайдаланумен автодүкен мен шатыр арқылы көшпелі сауда үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Нұра ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 13 мамырында № 10/11 "Нұра ауданындағы көшпелі сауда үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-14-145 болып тіркелген, аудандық "Нұра" газетінде 2011 жылдың 4 маусымында № 23 жарияланған) қаулысының қүші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұра ауданы әкімінің
      міндеттерін атқарушысы С. Мұқанова

  Нұра ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 29 наурыздағы
№ 09/01 қаулысына қосымша

Арнайы немесе сауда жабдығымен жарақталған мамандырылған транспорт құралдарын пайдаланумен автодүкен мен шатыр арқылы көшпелі сауда үшін арнайы бөлінген орындар

Орналасқан орны

1

Ақмешіт ауылы, Сейфуллин көшесі, 3

2

Алғабас ауылы, Сейфуллин көшесі

3

Ахмет ауылы, Бейбітшілік көшесі, 3

4

Байтуган ауылы, Әуезов көшесі (орталық парктің алаңы)

5

Балықтыкөл ауылы, Бейбітшілік көшесі, 2

6

Баршын ауылы, Аблахатов көшесі, 10

7

Жанбөбек ауылы, Уәлиханов көшесі, 13/1 үйінен 17 үйге дейін

8

Жараспай ауылы, Орталық көшесі, 6

9

Заречное ауылы, Ленин көшесі, 1 үйінен 3 үйге дейін

10

Изенді ауылы, Боқаев көшесі, 13

11

Кертінді ауылы, Қазыбек би көшесі (орталық парктің алаңы)

12

Көбетей ауылы, Жамбыл көшесі, 6 үйден 8 үйге дейін

13

Киевка кенті, Тәуелсіздік көшесі (Киевка кенті әкімінің аппараты ғимаратының жанындағы алаң)

14

Киевка кенті, Тәуелсіздік көшесі, 39

15

Қарой ауылы, Абай көшесі, 22

16

Құланөтпес ауылы (орталық парктің алаңы)

17

Құланөтпес ауылы, Абылайхан көшесі, 1

18

Майоровка ауылы, Майоровка көшесі, 40

19

Мыңбаев ауылы, Центральная көшесі, 19

20

Пржевал ауылы, Ленин көшесі, 2/1 үйден 15 үйге дейін

21

Соналы ауылы, Абай көшесі (орталық парктің алаңы)

22

Талдысай ауылы, Сатпаев көшесі, 9

23

Тассуат ауылы, Ленин көшесі, 14

24

Ткенекті ауылы, Сейфуллин көшесі, 1 үйден 20 үйіне дейін

25

Шахтерское ауылы, Строительная көшесі, 1 үйден 1-а үйіне дейін

26

Шұбаркөл кенті, Рыскүлбеков көшесі, 56

27

Щербаковское ауылы, Мир көшесі ("Бәну" дүкенінің жанындағы алаң)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады