Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау және төтенше жағдайды жою басшысын тағайындау туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 16 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 маусымда № 5543 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімінің 2016 жылғы 22 қыркүйектегі № 20 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімінің 22.09.2016 № 20 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бақшалық алқабының қауын шыбынымен зақымдалуына байланысты Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандарының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
      2. Төтенше жағдайды жою басшысы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
      3. "Қызылорда облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Қ. Жайсанбаев) осы шешімнің жергілікті баспа басылымдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады