"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2016 жылға арналған мемлекеттік инвестициялық жобалардың кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 303 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5316 тіркелген, облыстық "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2016 жылдың 28 қаңтарында жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақта:
4) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"4) "Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған мемлекеттік - жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау жөніндегі қызметтердің Тізбесі;";
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) конкурстық құжаттамаларын әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажеттi сараптамалар жүргiзу "Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының Тiзбесi бекітілсін.";
2) аталған қаулымен бекітілген техникалық-экономикалық негiздемелерін әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу "Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған бюджеттiк инвестициялық жобалардың Тiзбесiндегі:
"Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі" 2 бөлімінің:
реттік нөмірі бірінші жолы жаңа редакцияда жазылсын:
"1 Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жақ жағалау бөлігінде көше-жолдары желісінің құрылысы 198 621";
мынадай мазмұндағы 3 бөліммен толықтырылсын:
"3. "Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі
1 Қызылорда облысының Шиелі ауданында Сырдария өзенінің Күміскеткен учаскесінде суларды жинау үшін су қоймасын салу 1 000";
3) аталған қаулымен бекітілген конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу "Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған концессиялық жобалардың Тiзбесi осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4) аталған қаулымен бекітілген "Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі қызметтердің Тізбесіндегі:
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі" 2 бөлімінің:
реттік нөмірі бірінші жолы жаңа редакцияда жазылсын:
"1 Қызылорда қаласындағы 500 келушіге арналған емхана құрылысы 6 029";
5) аталған қаулымен бекітілген "Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған мемлекеттік - жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау жөніндегі қызметтердің Тізбесіндегі:
"Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі" 1 бөлімінің:
реттік нөмірі бірінші жолы жаңа редакцияда жазылсын:
"1 Қызылорда қаласындағы "Қорқыт Ата" әуежайының жаңа жолаушылар терминалын салу 17 932";
6) аталған қаулы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы "10" қараша №633 қаулысына 1-қосымша |
|
Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 303 қаулысымен бекітілген |
Конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу "Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған концессиялық жобалардың Тiзбесi
№ | Жобаның атауы |
Концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу сомасы, |
1 | 2 | 3 |
"Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі | ||
1 | Қызылорда қаласы СПМК-70 ауданындағы 200 орындық жатақханасы бар 600 орынға арналған кәсіптік-техникалық лицей құрылысы | 1491 |
2 | Қызылорда облысының білім беру жүйесін жетілдіру | 1491 |
3 | Қызылорда қаласындағы 500 келушіге арналған емхана құрылысы | 1491 |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы "10" қараша №633 қаулысына 2-қосымша |
|
Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 303 қаулысымен бекітілген |
Конкурстық құжаттамаларын әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажеттi сараптамалар жүргiзу "Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының Тiзбесi
№ | Жобаның атауы |
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу сомасы, |
1 | 2 | 3 |
"Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі | ||
1 | Қызылорда қаласындағы жекпе-жек спорт түрлерінің дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға беру | 2982 |
2 | Қызылорда қаласы Жанқожа батыр көшесінде ауысымына 400 қабылдауға арналған емхананы ашу | 2982 |
3 | Қызылорда қаласындағы "Қорқыт Ата" әуежайының жаңа жолаушылар терминалын салу | 1491 |