"2016 жылға арналған мемлекеттік инвестициялық жобалардың кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 303 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 07 желтоқсандағы № 654 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 желтоқсанда № 5671 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2016 жылға арналған мемлекеттік инвестициялық жобалардың кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 303 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5316 тіркелген, облыстық "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2016 жылдың 28 қаңтарында жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
      1) аталған қаулымен бекітілген техникалық-экономикалық негiздемелерін әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу "Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған бюджеттiк инвестициялық жобалардың Тiзбесiндегі:
      "Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі" 1-бөлімінің:
      реттік нөмірі бірінші жолы алынып тасталсын;
      2) аталған қаулымен бекітілген "Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі қызметтердің Тізбесіндегі:
      "Қызылорда облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі" 2- бөлімінің:
      реттік нөмірі екінші жолы жаңа редакцияда жазылсын:
      " 2 Қызылорда облысының білім беру жүйесін жетілдіру 3 829"
      3) аталған қаулымен бекітілген конкурстық құжаттамаларын әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажеттi сараптамалар жүргiзу "Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының Тiзбесi осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы "7" желтоқсандағы №654
қаулысына қосымша
  Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы 20 қаңтардағы № 303
қаулысымен бекітілген

Конкурстық құжаттамаларын әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажеттi сараптамалар жүргiзу "Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының Тiзбесi

Жобаның атауы

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу сомасы,
мың теңге

1

2

3


"Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі

1

Қызылорда қаласындағы жекпе-жек спорт түрлерінің дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға беру

1332

2

Қызылорда қаласы Жанқожа батыр көшесінде ауысымына 400 қабылдауға арналған емхананы ашу

1332

3

Қызылорда қаласындағы "Қорқыт Ата" әуежайының жаңа жолаушылар терминалын салу

1332


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады