"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 12 желтоқсандағы №4 қорытындысына сәйкес Жаңақорған ауданы Көктөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көктөбе ауылдық округінің Көктөбе ауылындағы Ынтымақ көшесіне "Қынаша Құлмановтың" есімі берілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтүзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көктөбе ауылдық округінің әкімі | А. Танхиев |