"Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 4 мамырдағы № 40/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 ақпандағы № 50/6 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 04 наурызда № 5385 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 02 маусымда 5006 нөмірмен тіркелген, 2015 жылдың 10 маусымда "Өскен Өңір" газетінде жарияланған) аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 4 мамырдағы № 40/2 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      3 тармақтың 3), 10) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
      3) ең төмен күнкеріс деңгейі – "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігі Статистика Комитетінің Қызылорда обылысының статистика департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтін, мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
      10) уәкілетті ұйым – "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Қызылорда облыстық филиалы Шиелі аудандық бөлімшесі;
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
      тыс L сессиясының төрағасы,
      аудандық мәслихат хатшысы: Ә. Оразбекұлы
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қызылорда облысының
      жұмыспен қамтуды үйлестіру
      және әлеуметтік бағдарламалар
      басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      ____________ М.Н. Делмұханов
      "11" ақпан 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады