Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 16.04.2018 № 68 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. "Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Н.М. Жайлау) осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С. Т. Алдашевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Айдарбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Маңғыстау облысының сәулет және
қала құрылысы басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Н.М. Жайлау
"28" 06 2016 ж.
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2016 жылғы "_28_" 06 | |
№ 191 қаулысымен | |
бекітілген |
"Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу немесе Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министірлігі 2016 жылғы 17 наурыздағы № 137 "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13610 болып тіркелген) бекітілген "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10–тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының белгіленген нысан бойынша өтінімді және Стандарттың 9-тармағында көзделген өзге де құжаттарды қабылдауы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қабылдау және тіркеу – 15 (он бес) минут;
2) құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауы – 1 (бір) жұмыс күні;
3) құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының қарауы, олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруі, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдеуі – 13 (он үш) жұмыс кун ішінде;
4) көрсетілетін қызметті беруші басшысының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қарауы – 1 (бір) жұмыс кун ішінде;
5) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру – 15 (он бес) минут.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
1) өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіліп кеңседе тіркеу туралы белгі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау;
3) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдеу;
4) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қою;
5) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алғандағы журналдағы көрсетілетін қызметті алушының қолы.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар топтамасын келіп түскен кезден оларды тіркеу журналында тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды– 15 (он бес) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді – 1 (бір) жұмыс күні;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды, олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды:
өтінішті қарау және техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілердің эскизін (эскиздік жобасын) келісу мерзімі 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, өтініш берген күні кезінде–8 (сегіз) жұмыс күні;
өтінішті қарау және техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілердің эскизін (эскиздік жобасын) келісу мерзімі 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, өтініш берген күні кезінде–13 (он үш) жұмыс күні;
көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызмет алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;
ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті қарауды тоқтату туралы жазбаша дәлелді жауап береді.
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсетілу нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің қеңсесіне жолдайды – 1(бір) жұмыс күні;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді – 15 (он бес) минут.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет - ресурсында орналастырылады.
"Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" | |
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне | |
қосымша |