Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 28.08.2020 № 37/446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 30 шілдедегі №18/276 "Амбулаторлық емдеу барысында азаматтардың жекелеген санаттарына дәрі-дәрмектерді қосымша тегін ұсыну туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2489 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:
"Амбулаториялық емдеу барысында азаматтардың жекелеген санаттарына дәрі-дәрмектерді қосымша тегін ұсыну туралы";
көрсетілген шешіммен бекітілген амбулаторлық емдеу барысында Маңғыстау облысындағы азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша тегін ұсынылатын дәрі-дәрмектердің тізілімі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Мусабаев |
Облыстық мәслихат хатшысы | Б. Жүсіпов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Маңғыстау облысының денсаулық
сақтау басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
М.Ж. Қадыр
"14" 10 2016 жыл
"Маңғыстау облысының экономика және
бюджеттік жоспарлау басқармасы"
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
С.Б. Нарешова
"14" 10 2016 жыл
Маңғыстау | |
облыстық мәслихатының | |
2016 жылғы 14 қазандағы | |
№ 5/60 шешіміне қосымша | |
Маңғыстау | |
облыстық мәслихатының | |
2014 жылғы 30 шілдедегі | |
№ 18/276 шешіміне қосымша |
Амбулаториялық емдеу барысында Маңғыстау облысындағы азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша тегін ұсынылатын дәрі-дәрмектердің тізілімі
№ | Аурулардың түрлері | Дәрі-дәрмектердің атаулары |
1 | Мультифокалдық, краниалдық дистония | Ботулотоксин, 500 ӘТБ |
2 | Иммундық тромбоцитопения | Элтромбопаг, 50 мг |
3 | Эпилепсия | Леветирацетам, 500 мг |
4 | Іштен туа біткен жүрек ақауы, жоғары өкпе гипертензиясы | Силденафил, 100 мг |
Силденафил, 25 мг | ||
5 | Қосалқы гипогонадизм | Гонадотропин хорионикалық, 100 ХБ |
6 | Психикалық ауру | Миртазапин, 30 мг таблетка |
7 | Ювенилдік артрит | Тоцилизумаб, 80 мг/4 мл |
8 | Глюкоза мен галактозаға төзе алмаушылықтың панкреатиттік формасы | Панкреатин, шағын микросферадан тұратын ішекте еритін қабықтағы капсула 150 мг |
9 | Өкпе артериялық ипертензиясы | Бозентан, 125 мг таблетка |
10 | Тромбофилия | Эноксапраин натрий, 0,3 ХБ құты-шприц |
Надропарин кальций, 0,4 ХБ құты-шприц | ||
11 | Көптеген миелома | Леналидомид, 25 мг капсула |
12 | Идиопатиялық миелофиброз | Руксолитиниб, 15 мг таблетка |
13 | Жүйелі қызыл жегі | Ритуксимаб, көктамыр ішіне енгізуге арналған ерітінді 500 мг |
14 | Іш қуысы нейробластомасы | Изотретиноин (13-цисретин қышқылы), |
20 мг таблетка | ||
15 | Анкилотудырушы спондилоартрит | Голимумаб, инъекцияға арналған ерітінді 50 мг/0,5 мл |
Ескерту:
аббревиатураларды ажыратып жазу:
ӘТБ – әсер ету бірлігі;
ХБ – халықаралық бірлік;
мг – миллиграмм;
мл – миллилитр.