Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 29.03.2021 № 2/18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарақия аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы №27/285 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2779 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 шілдеде № 52-53 "Қарақия" газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
7) және 8) тармақшалар келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"7) уәкілетті орган – әлеуметтік көмек тағайындау және төлеуді жүзеге асыратын "Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – уәкілетті орган);";
"8) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалы - "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаменті;";
14 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"14. Ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттен қарастырылған қаражат шегінде, жылына бір рет білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне төлеуге арналған нақты шығындарын және ай сайын тамақтану мен жатақ шығындарын ішінара жабу үшін 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі әлеуметтік көмек:
табысын есепке алмай Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқитын мүгедек студенттерге, тұлдыр жетімдер мен балалар үйінің және балалар ауылының тәрбиеленушілеріне;
өтініш жасаған айдың алдындағы 12 айда жан басына шаққанда, Маңғыстау облысы бойынша белгіленген 1,5 еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен орташа табысы бар отбасылардағы келесі санаттағы студенттерге:
ауданның денсаулық сақтау, білім беру, агроөнеркәсіптік кешені, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және туризм мемлекеттік мекемелерінің сұранысына сай білікті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында бакалаврдың академиялық деңгейін алу үшін күндізгі бөлімде немесе медициналық жоғарғы оқу орындарында интернатурада оқитын студенттерге;
ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек студенттерге;
ата-анасының біреуі қайтыс болған студенттерге.
Әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім, әлеуметтік көмек тағайындауға студенттерді іріктеу жөніндегі аудандық арнайы комиссия мен уәкілетті органның қорытындысы негізінде қабылданатын болып белгіленсін.";
29 тармақ алынып тасталсын;
34 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"34. ШАК-ке құқығы айқындалғаннан кейін уәкілетті орган өтініш берушіні және (немесе) оның отбасы мүшелерін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 385 "Өрлеу" жобасына қатысуға арналған құжаттар нысанын бекіту туралы" бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13773 болып тіркелген) бекітілген нысандарға сәйкес отбасыға көмектің жеке жоспарын және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасақтау үшін шақырады.
Бұл ретте, осы Ереженің 31 тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар арасынан үміткерлер және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес 1 және 2 топтағы мүгедектер, оқушылар, студенттер, тыңдаушылар, курсанттар және күндізгі оқу нысанындағы магистранттар, бір жұмыс күн ішінде жұмыспен қамту орталығына жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолданады немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларына жолдама беріледі.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы А.Нұғманов).
3. Қарақия аудандық мәслихатының аппарат басшысы (Р.Ибраева) Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, осы шешімнің "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ескертпе: аббреавиатураның ажыратып жазылуы:
ШАК – шартты ақшалай көмек
Сессия төрағасы | Ж.Тулегожаев |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | А. Мееров |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қарақия аудандық жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Сәрсенғали Маркс Тайырұлы
24 қазан 2016 жыл.