"Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 62 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 29 сәуірде № 3035 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 15 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 03.02.2020 № 15 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 16 қаңтардағы №13 "Түпқараған ауданы әкімі аппартының және мемлекеттік мекемелердің Ережелеріне өзгерістер енгізу туралы" қаулысы жойылсын.

      3. "Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Д. Шалабаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Алтынғалиевке жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т. Асауов

  Түпқараған ауданы әкімдігінің
2016 жылғы " 29 " наурыздағы
  № 62 қаулысымен бекітілген

"Түпқараған аудандық кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң Ережесi 1. Жалпы ережелер

      1. "Түпқараған аудандық кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi қолданыстағы заңнамаға сәйкес кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және сауда қызметi салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

      2. "Түпқараған аудандық кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтайшысы Түпқараған ауданының әкiмдiгi болып табылады.

      3. "Түпқараған аудандық кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Түпқараған аудандық кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Түпқараған аудандық кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

      6. "Түпқараған аудандық кәсiпкерлiк және өнеркәсіп бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Түпқараған аудандық кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Түпқараған аудандық кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

      8. "Түпқараған аудандық кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индексi 130500, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Ш. Еркеғұлов көшесі №1.

      10. Мемлекеттiк органның толық атауы – "Түпқараған аудандық кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi.

      11. Осы Ереже "Түпқараған аудандық кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Түпқараған аудандық кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. "Түпқараған аудандық кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi кәсiпкерлiк субъектiлермен "Түпқараған аудандық кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Түпқараған аудандық кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

      "Түпқараған аудандық кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бөлiм" мемлекеттiк мекемесiнiң жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамасының талаптарына сәйкес анықталады.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      14. "Түпқараған аудандық кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бөлiм" мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы: ауданда кәсiпкерлiк және өнеркәсiп салаларын дамыту саясатын жүзеге асыру.

      15. Мiндеттерi:

      1) кәсiпкерлiк дамуын үйлестiрудi қамтамасыз ету;

      2) өнеркәсiп салалары қызметiн үйлестiру және дамуының мониторингiн жүргiзу;

      3) сауда және қоғамдық тамақтану кәсiпорындарының қызметiн үйлестiру;

      4) ауданда шағын кәсiпкерлiктi дамытудың бағдарламасын және iске асыру бойынша iс-шаралар жоспарын әзiрлеу және олардың орындалуын бақылау;

      5) заңнамамен жүктелген басқа да мiндеттердi орындау.

      16. Функциялары:

      1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асыру;

      2) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасау;

      3) өңiрде шағын кәсiпкерлiктi және инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымының объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз ету;

      4) Түпқараған ауданы әкімдігінің жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің жұмыс органы функцияларын жүзеге асыру;

      5) жергiлiктi деңгейде жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды қамтамасыз ету;

      6) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;

      7) сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз ету;

      8) өз құзыретi шегiнде сауда қызметi субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асыру;

      9) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде сауда қызметiне қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар әзiрлеу;

      10) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудiң ең төменгi нормативтерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу;

      11) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асыру;

      12) Түпқараған ауданының шағын және орта кәсіпкерлікті, өнеркәсіпті дамыту және қолдау көрсету бойынша мониторингті жүзеге асыру;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетiн өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      17. Құқықтары мен мiндеттерi:

      "Түпқараған аудандық кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бөлiм" мемлекеттiк мекемесi құқылы:

      1) кәсiпкерлiктiң инвестициялық мүмкiндiктерi туралы ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргiзу, несие және грант алуға кәсiпкерлерге әдiстемелiк көмек көрсету;

      2) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға және iске асыруға қатысу;

      3) мүдделi органдармен келiсе отырып, уақытша жұмысшы топтар құрылуына ықпал ету, үйлестiру, ғылыми-техникалық және сараптамалық комиссиялар, сондай-ақ кәсiпкерлiкті дамыту мәселелерi бойынша сауда қызметтерiнiң мәселелері жөнiнде семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру;

      4) бөлiм қызметi мәселелерi бойынша аудан басшылығының және аудан әкiмдiгiнiң отырыстарының қарауына ұсыныстар енгiзу;

      5) аудан әкiмi мен әкiмдiгiнiң нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындауға қатысу;

      6) бөлiм мұқтаждығына қажеттi тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулер үшін мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру және конкурстар ұйымдастыру;

      7) меншiк нысанына және ведомствалық бағынысқа қарамастан ауданда кәсiпкерлiк пен сауда қызметтерiн дамыту мәселерi бойынша кәсiпорындар қызметiне талдау жасауға және мониторинг жүргiзу;

      8) Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң, облыс әкiмi және облыс әкiмдiгi, аудан әкiмi және аудан әкiмдiгiнiң актiлерiн орындау жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

      9) меншiк нысанына және ведомствалық бағынысқа қарамастан, кәсiпкерлiк кәсiпорындарынан және сауда қызметтерiнен қажеттi ақпарат сұрауға және алуға.

      "Түпқараған аудандық кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бөлiм" мемлекеттiк мекемесi мiндетті:

      1) жеке және заңды тұлғалардың "Түпқараған аудандық кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне жолдаған өтiнiштерiн қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда және тәртiппен олар бойынша жауаптар беруге;

      2) жеке және заңды тұлғаларды қабылдауды ұйымдастыру;

      3) заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;

      4) қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен мiндеттердi жүзеге асырады.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

      18. "Түпқараған аудандық кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне басшылықты "Түпқараған аудандық кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      19. "Түпқараған аудандық кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң басшысын аудан әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. "Түпқараған аудандық кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi басшысының өкiлеттiлiгi:

      1) қызметкерлер арасында қызметтiк мiндеттердi және олардың жауапкершiлiк дәрежесiн үйлестiредi және бекiтедi;

      2) қызметкерлердi лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      3) заңда белгiленген тәртiппен қызметкерлердi көтермелеу және тәртiптiк жаза белгiлеу мәселелерiн шешедi;

      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшiн дербес жауапты болады;

      5) берiлген коммуналдық мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етедi;

      6) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн жеке қабылдауды жүргiзедi;

      7) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;

      8) өз құзыретi шегiнде бұйрықтарға қол қояды;

      9) гендерлiк теңдiк стратегиясын жүзеге асырады.

      10) заңнамаларға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      11) "Түпқараған аудандық кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiлiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      21. Заңды тұлға мен мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның, заңды тұлға мен жергiлiктi атқарушы органның, заңды тұлғаның әкiмшiлiгi мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым - қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

      22. "Түпқараған аудандық кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

      "Түпқараған аудандық кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

      23. "Түпқараған аудандық кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Түпқараған аудандық кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

      25. Түпқараған ауданының әкiмдiгi "Түпқараған аудандық кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне берiлген мүлiктердiң сақталуын және тиiмдi пайдалануын бақылауды жүзеге асырады.

      "Түпқараған аудандық кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiктi Түпқараған ауданының әкiмдiгi қайтарып алуға немесе өзi құрған заңды тұлғалар арасында, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде басқа да түрлерi белгiленбесе, өз қалауы бойынша қайта бөлуге құқылы.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Түпқараған аудандық кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады