Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантарда "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңына сәйкес Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Түпқараған аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А. Исатаева) 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшерін көзделген қаржыландыру жоспары шегінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. "Түпқараған аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А. Утесбаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Түпқараған ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары Т. Алтынгалиевке жүктелсін.
5. Осы қаулы Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т. Асауов |
Түпқараған ауданы әкімдігінің | |
2016 жылғы "21" желтоқсан | |
№ 240 | |
қаулысына қосымша |
№ | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы топтар | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Мектепке дейінгі ұйымдарда жан басына шаққандағы қаржыландырудың бір айдағы мөлшері (теңге) | Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге) | |||||||||||||||||
Балабақша (мемлекеттік) | Балабақша (жекеменшік) | Мектеп жанындағы толық күн болатын шағын орталық | Мектеп жанындағы жарты күн болатын шағын орталық | Дербес толық күн болатын шағын орталық | Дербес жарты күн болатын шағын орталық | Балабақша (мемлекеттік) | Балабақша (жекеменшік) | Мектеп жанындағы толық күн болатын шағын орталық | | Мектеп жанындағы жарты күн болатын шағын орталық | Дербес толық күн болатын шағын орталық | Дербес жарты күн болатын шағын орталық | Балабақша (мемлекеттік) | Балабақша (жекеменшік) | Мектеп жанындағы толық күн болатын шағын орталық | Мектеп жанындағы жарты күн болатын шағын орталық | Дербес толық күн болатын шағын орталық | Дербес жарты күн болатын шағын орталық | |||
1 | 1-ден 3-ке дейінгі топтар | 150 | 205 | 125 | | 175 | | 30535 | 35071 | 18246 | | | 35071 | | 3 жасқа дейінгі 9443,94; 3-тен 7 жасқа дейінгі 11176 | 3 -тен 7 жасқа дейінгі 11176 | 3-тен 7 жасқа дейінгі 11176 | | 3 – тен 7жасқа дейінгі 11176 | | |
2 | 4-тен 5-ке дейінгі топтар | 520 | | | | | | 27 019/26295 | | | | | | | 9443,94/ 11176 | | | | | | |
3 | 6-дан 7-ге дейінгі топтар | 700 | | | | | | 25815 | | | | | | | 9443,94/ 11176 | | | | | |