"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 618 "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5306 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 қаңтарда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
17-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;
18-тармақтың 14), 15), 16), 18), 24), 45) тармақшалары алынып тасталсын;
18-тармақ мынадай мазмұндағы 45-1), 45-2), 45-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"45-1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалғыз қатысушысының оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауы;
45-2) тендер жеңімпаздарымен шарт жасасады және мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру шарттарының талаптарын орындауына бақылауды жүзеге асырады;
45-3) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларының конкурстық құжаттамасын келіседі.".
2. "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі белгіленген заңнамалық тәртіппен жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы әділет органдарына хабарласын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | А. Мұхамбетов |