Әкімдіктің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 618 "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 66 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 24 наурызда № 6227 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 81 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 22.02.2017 № 81 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 618 "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5306 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 қаңтарда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
      17-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;
      18-тармақтың 14), 15), 16), 18), 24), 45) тармақшалары алынып тасталсын;
      18-тармақ мынадай мазмұндағы 45-1), 45-2), 45-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      "45-1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалғыз қатысушысының оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауы;
      45-2) тендер жеңімпаздарымен шарт жасасады және мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру шарттарының талаптарын орындауына бақылауды жүзеге асырады;
      45-3) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларының конкурстық құжаттамасын келіседі.".
      2. "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі белгіленген заңнамалық тәртіппен жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы әділет органдарына хабарласын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады