"Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 618 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 қаңтарда № 5306 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 81 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 22.02.2017 № 81 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Садуақасов

  Әкімдіктің
2014 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 618 қаулысымен бекітілген

"Қостанай облысы әкімдігінің қаржы
басқармасы" мемлекеттік мекемесі
туралы ереже

      1. Жалпы ережелер
      1. "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі бюджетті атқару, жергілікті бюджетті атқару жөніндегі бюджеттік есепті және есептілікті жүргізу саласында басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ облыстық коммуналдық меншікті басқару саласында функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Қостанай облысының әкімдігі болып табылады.
      4. "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      5. "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысаныңдағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      6. "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі басшымен бекітілген жұмыс регламентіне сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмеуі тиіс.
      7. "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      8. "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      9. "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      10. "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      11. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66.
      12. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      13. Осы Ереже "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      14. "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
      15. "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
      2. Мемлекеттік органның миссиясы,
      негізгі міндеттері, функциялары,
      құқықтары мен міндеттері
      16. "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы қаржы және облыстық коммуналдық меншікті басқару саласында мемлекеттік саясатты дамыту мен жетілдіруге жәрдемдесу болып табылады.
      17. Міндеттері:
      1) жергілікті бюджетті атқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
      2) түсімдер мен шығыстар бойынша бюджетті толық және уақытылы атқару;
      3) жергілікті бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік есепті жүргізу бюджеттік есептілікті жасау;
      4) облыстық коммуналдық меншікті басқару, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
      5) алынып тасталды - Қостанай облысы әкімдігінің 19.02.2016 № 66 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттер.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 19.02.2016 № 66 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       18. Функциялары:
      1) облыстық бюджеттің атқарылуын ұйымдастырады және бюджеттің атқарылуы жөніндегі облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіреді;
      2) облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;
      3) облыстық бюджетке түсетін түсімдердің болжамына қатысады;
      4) төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді;
      5) түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізеді;
      6) облыстық бюджеттің және облыс бюджетінің атқарылуы туралы есепті жасайды;
      7) жергілікті бюджет бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, демеушілік пен қайырымдылық көмектен түсетін ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есепті жасайды;
      8) жергілікті бюджеттің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы есепті жасайды;
      9) бюджеттік бағдарламалар жөніндегі төлемдерді жүзеге асырудың ай сайынғы кестесіне өзгерістер енгізеді;
      10) бюджет ақшасын басқаруды жүзеге асырады, уақытша бос ақша көлемін айқындайды және оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің депозиттік шотына орналастыру үшін аударуды жүзеге асырады;
      11) бюджет шығыстары атқарылуының бюджеттік мониторингін жүзеге асырады, облыс бюджетінің шығыс бөлігін орындау туралы талдамалы есепті жасайды;
      12) бюджеттік есепке алуды және есептілікті жүргізуді жүзеге асырады;
      13) тиісті қаржы жылына облыстық бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген сомалар шегінде бюджеттік бағдарламаларды толық және уақытылы орындауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады;
      14) алынып тасталды - Қостанай облысы әкімдігінің 19.02.2016 № 66 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      15) алынып тасталды - Қостанай облысы әкімдігінің 19.02.2016 № 66 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      16) алынып тасталды - Қостанай облысы әкімдігінің 19.02.2016 № 66 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      17) жартыжылдық және қаржылық жылдың қорытындысы бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынады;
      18) алынып тасталды - Қостанай облысы әкімдігінің 19.02.2016 № 66 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      19) қарыз алу арқылы ақша тарту процесін ұйымдастырады;
      20) облыстық бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерге қолма-қол қаражат алу үшін қолма-қол ақшасын бақылау шоттарын ашуға, облыстық бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерге демеушілік және қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшасын бақылау шоттарын, жеке және заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастыру бойынша шоттарды ашуға рұқсат береді;
      21) өз құзыреті шегінде бірыңғай бюджеттік сыныптамасының бюджетіне түсетiн түсiмдер сыныптамасының кодтары бойынша түсiмдердiң артық (қате) төленген сомасын бюджетке қайтару және (немесе) есептеу үшін қорытындыны дайындайды;
      22) Мемлекеттік мекеменің өз билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаның түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын және оған өзгерістер енгізу туралы анықтамаларды келіседі;
      23) облыстық бюджетті нақтылау, түзету бойынша ұсыныстар енгізеді;
      24) алынып тасталды - Қостанай облысы әкімдігінің 19.02.2016 № 66 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      25) бюджеттік кредиттердің тіркелуін, есепке алынуын, мониторингін қамтамасыз етеді, бюджеттік кредиттердің өтелуін және оған қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
      26) аудандық коммуналдық мүлiктi басқару саласында өздерінің құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының жұмысын үйлестiредi;
      27) облыстық коммуналдық мүлiктi басқарады, оны қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
      28) облыстық коммуналдық мүліктің есепке алынуын ұйымдастырады, оның нысаналы, тиiмдi пайдаланылуына және сақталуына бақылауды қамтамасыз етедi;
      29) облыстық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, жекешелендіру объектілерін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасауды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      30) облыстық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен кейіннен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға береді;
      31) сенімгерлікпен басқарушының облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерін орындауын бақылауды жүзеге асырады;
      32) шағын кәсiпкерлiк субъектiсінің мүлiктiк жалдау (жалға алу) немесе өндірістік қызметті жолға қою (халыққа қызмет көрсету) туралы сенiмгерлiкпен басқару шарттарының талаптарын орындауын бақылауды жүзеге асырады;
      33) мемлекеттік заңды тұлғаларға облыстық коммуналдық мүлікті уақытша өтеусіз пайдалануға беру жөніндегі шарттарды жасасады;
      34) мемлекет меншiгіндегі ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) және ғибадат ету мақсатындағы өзге де мүлікті дiни бiрлестiктерге өтеусіз пайдалануға беру туралы облыстың жергiлiктi атқарушы органының шешімі бойынша мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шартын жасасады;
      35) акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын өкілеттіктерге сәйкес облыстық коммуналдық меншіктегі акциялардың мемлекеттiк пакеттерін мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асырады;
      36) мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шарты бойынша берілген мемлекеттік мүлікті жақсарту мәселелерін келіседі;
      37) мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының белгіленген бөлігінің облыстық бюджетке толық және уақытылы аударылуына бақылауды жүзеге асырады;
      38) жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ ақшаны Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес акционерлік қоғамдардың акцияларын төлеуге беруді жүзеге асырады;
      39) акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыруға арналған өкілеттіктерге сәйкес облыстық коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардың дивиденттерін, акциялардың мемлекеттiк пакеттерін төлеуге таза табысының бір бөлігін бағыттау үшін шаралар қабылдайды;
      40) жергілікті атқарушы органның атынан мемлекеттің акционерлік қоғамды (жауапкершілігі шектеулі серіктестікті) басқаруға акционер (қатысушы) ретінде қатысу құқықтарын жүзеге асырады;
      41) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыстық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу, объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындайды;
      42) мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мемлекеттік коммуналдық мүлікті беру актісін (қабылдау-тапсыру актісін) бекітеді немесе келіседі;
      43) облыстық коммуналдық мүлікті есептен шығаруды келіседі;
      44) өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асырады;
      45) алынып тасталды - Қостанай облысы әкімдігінің 19.02.2016 № 66 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      45-1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалғыз қатысушысының оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауы;
      45-2) тендер жеңімпаздарымен шарт жасасады және мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру шарттарының талаптарын орындауына бақылауды жүзеге асырады;
      45-3) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларының конкурстық құжаттамасын келіседі.
      46) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 19.02.2016 № 66 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       19. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді шығару;
      2) жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша секвестр белгілейтін бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төлемдердің жүзеге асырылуын тоқтата тұру;
      3) аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласында оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жұмысын үйлестіру;
      4) өз қызметін бюджеттік бағдарламаларға, сондай-ақ "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асыру;
      5) өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын орындауды қамтамасыз ету;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру.
      3. Мемлекеттік органның
      қызметін ұйымдастыру
      20. "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      21. "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысын Қостанай облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      22. "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      23. "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттіктерін белгілейді;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына, сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес еңбек қарым-қатынастарын реттейді;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады;
      4) бұйрықтарға қол қояды;
      5) "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
      6) "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымын бекітеді;
      7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесін барлық мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда білдіреді;
      8) ішкі бақылау нәтижелері туралы есептің қорытындылары бойынша ұсыныс қабылдайды;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      24. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      4. Мемлекеттік органның
      мүлкі
      25. "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      26. "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      27. "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
      28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
      5. Мемлекеттік органды қайта
      ұйымдастыру және тарату
      29. "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады