Әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 81 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 ақпанда № 6856 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қостанай облысы әкімдігінің:
      "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 618 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5306 болып тіркелген, 2015 жылы 28 қаңтарда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған);
      "Әкімдіктің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 618 "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 19 ақпандағы № 66 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6227 болып тіркелген, 2016 жылы 4 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған); қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А. Мұхамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады