Арқалық қаласындағы № 2, № 3, № 4 ұңғымалар учаскесінде Терісаққан су тартуының санитарлық қорғау аймағын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 174 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 17 мамырда № 6371 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 181 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Арқалық қаласындағы № 2, № 3, № 4 ұңғымалар учаскесінде Терісаққан су тартуының санитарлық қорғау аймағы белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Облыс әкімі

А. Мұхамбетов


      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі Су

      ресурстары комитетінің Су ресурстарын

      пайдалануды реттеу және қорғау

      жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік

      инспекциясы" республикалық

      мемлекеттiк мекемесінің басшысы

      ________________ Г. Оспанбекова

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық

      экономика министрлігі Тұтынушылардың

      құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай

      облысы тұтынушылардың құқықтарын

      қорғау департаменті" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      __________________ В. Нечитайло


  Әімдіктің
  2016 жылғы 12 сәуірдегі
  № 174 қаулысына қосымша

Арқалық қаласындағы № 2, № 3, № 4 ұңғымалар учаскесінде Терісаққан су тартуының санитарлық қорғау аймағы

Су тарту көзінің атауы


Санитарлық қорғау аймағының мөлшерлері


I белдеу


II белдеу


III белдеу


шекарасы


ауданы


шекарасы


ауданы


шекарасы


ауданы


№ 2, № 3, № 4 ұңғымалар учаскесіндегі Терісаққан су тартуы


Радиусі – әр ұңғыма айналасында 50 метр


1 гектар


Ұзындығы – 348 метр Барынша ені – 310 метр


8,72 гектар


Ұзындығы – 3094,6 метр Барынша ені – 808 метр


212,5 гектар


Ұзындығы – 121,3 метр Барынша ені – 32,4 метр


0,348 гектар


Ұзындығы – 2508,4 метр Барынша ені – 32,4 метр


8,27 гектар


Ұзындығы – 123,4 метр Барынша ені – 29 метр


0,32


Ұзындығы – 2565,4 метр Барынша ені – 29,6 метр


8,46 гектар



      Ескерту: "№ № 2-4 ұңғымалар учаскесінде Терісаққан су тартуының және Қостанай облысының Арқалық қаласы әкімдігінің қарамағындағы жерлерде орналасқан Жалғызтал, Целинное, Матросово ауылдары суайдауыш құрылыстары кешендерінің санитарлық қорғау аймағы" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймағының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші - "Арқалық жылу энергетикалық компаниясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады