Қостанай ауданының Озерное ауылының шаруашылық-ауыз су тартуы үшін № 450309а, № 1п және № 450313ц ұңғымалары учаскесінде санитарлық қорғау аймағын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 173 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 мамырда № 6388 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 181 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Қостанай ауданындағы Озерное ауылының шаруашылық-ауыз су тартуы үшін № 450309а, № 1п және № 450313ц ұңғымалары учаскесінде санитарлық қорғау аймағы белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Мұхамбетов

      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі Су

      ресурстары комитетінің Су

      ресурстарын пайдалануды реттеу

      және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай

      бассейндік инспекциясы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ________________ Г. Оспанбекова

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық

      сақтау министрлігі Мемлекеттік

      санитарлық-эпидемиологиялық

      қадағалау комитетінің Қостанай

      облысы бойынша департаменті"

      мемлекеттік мекемесі басшысының

      міндетін атқарушы

      __________________ В. Нечитайло

  Әкімдіктің
2016 жылғы 12 сауірдегі № 173
қаулысына қосымша

Қостанай ауданындағы Озерное ауылының шаруашылық-ауыз су тартуы үшін № 450309а, № 1п және № 450313ц ұңғымалары учаскесінде санитарлық қорғау аймағы

Су тарту көзінің атауы

Санитарлық қорғау аймағының мөлшерлері

I белдеу

II белдеу

III белдеу

Шекарасы

Ауданы

Шекарасы

Ауданы

Шекарасы

Ауданы

№ 450309а ұңғымалар;

Радиусы – әр ұңғыманың айналасында 50 метр

3,0 гектар

Радиусы – әр ұңғыманың айналасында 113 метр

9,0 гектар

Радиус – 1384 метр

589,5 гектар

№ 1п;

№ 450313ц

      Ескерту: санитарлық қорғау аймағының шекаралары "Озерное ауылының су тартуы үшін су тартуының санитарлық қорғау аймағы" Қостанай ауданындағы Озерный жер асты сулары учаскесінің № 450309а, № 1п, № 450313ц су тарту ұңғымаларының санитарлық қорғау аймағының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші "Қазақстан Республикасының минералдық ресурстар академиясы" акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан филиалы).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады