Қостанай қаласының бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы мәслихатының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 93 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 қаңтарда № 6807 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 11-бабы 1-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешiмнiң 1, 2-қосымшаларына сәйкес Қостанай қаласының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерi бекiтiлсiн.
      2. Қостанай облыстық мәслихатының 2005 жылғы 8 шiлдедегi № 208 "Қостанай қаласының шекаралары мен жер учаскелерi үшiн төлемдерiнiң базалық мөлшерлемелерiне түзету коэффициенттерiн бекiту туралы" шешiмiнiң (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3502 тiркелген, 2005 жылғы 9 тамызда "Костанайские новости" газетiнде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Қостанай облыстық мәслихаты
сессиясының төрайымы
Г. Капенова
      Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы
С. Ещанов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл
      шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      ______________ Б. Мурзин
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қостанай облысы әкімдігінің жер
      қатынастары басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      ________________ Н. Абдуов
      2016 жылғы 8 желтоқсан
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қостанай облысы әкімдігінің жердің
      пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау
      басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ________________ Н. Қатарбеков
      2016 жылғы 8 желтоқсан
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік
      және индустриалдық-инновациялық даму
      басқармасы" мемлекеттік мекемесі
      басшысының міндетін атқарушы
      _________________ М. Шаимов
      2016 жылғы 8 желтоқсан

  Мәслихаттың
2016 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 93 шешіміне 1-қосымша

      


  Мәслихаттың
2016 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 93 шешіміне 2-қосымша

Қостанай қаласының жер учаскелері үшін төлемақының
базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

Бағалау аймағының нөмірі

Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

1

2,00

2

1,85

3

1,70

4

1,60

5

1,45

6

1,30

7

1,15

8

1,00

9

0,80

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады