Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 28.03.2018 № 233 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының Жер кодексі" 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы кодексінің 8-бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің 387-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету осы шешімнің қосымшасына сәйкес жүзеге асырылсын.
2. Мәслихаттың 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 201 "Жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін белгілеу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-1-129 тіркелген, 2009 жылғы 16 маусымда "Костанай" газетінде жарияланған), мәслихаттың 2015 жылғы 13 тамыздағы № 346 "Мәслихаттың 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 201 "Жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5876 тіркелген, 2015 жылғы 22 қыркүйекте "Наш Костанай" газетінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
3. Осы шешім 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы, № 8 сайлау округі бойынша депутаты |
Н. Шагабутдинова |
Қостанай қалалық мәслихатының хатшысы |
Б. Сандыбеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Қостанай облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаментінің
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________ С. Доненбаев
"Қостанай қаласы әкімдігінің
жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
__________________ С. Жусипбеков
Мәслихаттың 2016 жылғы 6 қазандағы № 77 шешіміне қосымша |
Қостанай қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету
№ р/с | Аймақтың нөмірі | Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату коэффициенті |
1 | 1 | 1,50 |
2 | 2 | 1,45 |
3 | 3 | 1,40 |
4 | 4 | 1,35 |
5 | 5 | 1,30 |
6 | 6 | 1,25 |
7 | 7 | 1,20 |
8 | 8 | 1,10 |
9 | 9 | 1,00 |