Ескерту. Шешімінің тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "ставкаларына" деген сөз "мөлшерлемелеріне" деген сөзбен ауыстырылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 13.08.2015 № 346 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына , "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес және бекітілген Қостанай қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасының негізінде Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері белгіленсін, қосымшаға сәйкес (қоса беріліп отыр).
2. "Жер салығының базалық ставкасына түзету коэффициенттерімен Қостанай қаласының аумағын аймақтарға бөлу схемасын бекіту туралы" мәслихаттың 2005 жылғы 22 сәуірдегі № 140 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 9-1-5, 2005 жылғы 29 сәуірдегі "Қостанай" газеті, бұрын "Жер салығының базалық ставкасына түзету коэффициенттерімен Қостанай қаласының аумағын аймақтарға бөлу схемасын бекіту туралы" мәслихаттың 2005 жылғы 22 сәуірдегі № 140 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" мәслихаттың 2006 жылғы 27 қыркүйектегі № 297 шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 9-1-59, 2006 жылғы 16 қарашадағы № 130 "Қостанай" газеті).
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, № 4 сайлау округі бойынша депутаты |
А. Айдосов |
Қалалық мәслихат хатшысы | С. Төкенов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрлігі Салық
комитеті Қостанай облысының
Қостанай қаласы бойынша
салық басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы Ж. Нұржанов
Мәслихаттың 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 201 шешіміне қосымша |
Жер салығының базалық
мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері
Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 13.08.2015 № 346 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).Аймақтың нөмірі | Жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері |
1 | 1,50 |
2 | 1,40 |
3 | 1,34 |
4 | 1,30 |
5 | 1,25 |
6 | 1,16 |
7 | 1,10 |
8 | 1,06 |
9 | 1,00 |
10 | 0,5 |